Задать вопрос

Вопрос

Саламатсыз ба, құрметті Темирхан Байбосынұлы. Сіздің басқарып отырған оқу орнында жемкорлыққа қарсы қандай іс шаралар жүзеге асырылып жатыр?

Ответ

Саламатсыз. Қазақ – Орыс Халықаралық университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарын оқу жылының басында Ғылыми Кеңесте бекітілген «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарын сақтау шаралары» жоспары негізінде жүзеге асырады.
Жылына 2 рет сессия кезінде студенттік өзін-өзі басқару органының қадағалануымен «Таза сессия» акциясы жүргізіледі. Сенім жәшігі университет ғимаратының 3-қабатында орналасқан. Сенім телефондары: 8-7132-21–73–65; 22 –15–16.
Сыбайлас жемқорлық туралы түсіндірмелер, сауалнамалар, дөңгелек үстелдер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылады.

Вопрос

Саламатсыз ба. Университет облыс көлеміндегі қандай жұмыс беруші ірі компаниялармен келісім жасалған?

Ответ

Саламатсыз. Жұмыс берушілермен оқу орнымыз келесі бағыттар бойынша келісім-шартқа отырады: өндірістік тәжірибе, стажировка, лабораториялық сабақтарды өткізу базасы ретінде алу, ортақ жобалар орындау, өндіріс практиктерін лектор ретінде оқу процессіне тарту. Осы 2014-2015 оқу жылына 62-ден астам мекеме, өндіріс орындары, компаниялармен келісім-шарт негізінде әріптестік байланыс орнатылды, мысалға: АО ДБ «Сбербанк России», ТОО «КазМунайГаз», АО «Темирбетон», ГККП «Городская станция юных натуралистов», Департамент юстиции по Актюбинской области, АФ АО «Национальный центр экспертизы и сертификации», ТОО «ТеплоУют», ОЮЛ Компания «Емшан-EmshanCo», ТОО «СНПС АктобеМунайГаз» және т.б.



Добавить