Университеттің даму тарихы

    Батыс Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттік емес халықаралық жоғары оқу орны. 2014 жылдың 23 ақпанында универси­тет өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Университет аймақтағы тәжірибелі педагог, білім беру саласындағы танымал жетекші, пе­дагог, ойшылдықтың ерекше талантына ие жаңашыл ғалым, заманауи жаңалықтарды насихаттаушы, ағартушы Темерхан Байбосынұлы Бердімұратовтың басшылығымен құрылған. Университеттің талантты басшысы жеке тұлғаны дамытуға бағытталған заманауи университеттік білім берудің іргетасын қалады. Университет еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық өсу жағдайына сәйкес дамыды. Алғашында халықаралық бизнес және құқық институтының Ақтөбе бөлімі (1994-1996 жылдары) ретінде ашылды, кейіннен Мәскеудегі Халықаралық университеттің Ақтөбедегі бөлімі (1996-1998 жылдары), содан соң Ақтөбедегі «Нұр» менед­жмент, бизнес және құқық институты (1998-2000 жылдары) болып құрылып, Ақтөбе аймағы жастарының бизнес, экономика мен құқық саласында білім алуына үлкен мүмкіндік туғызды. Өткен ғасырдың 90 жылдарының басында эко­номика, бизнес және құқық саласына білікті ма- мандар дайындау ірі астаналық ЖОО-да ғана болмаса, аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды ауызға алуға да болмайтын. Облыс орталығында «Нұр» менеджмент, бизнес және құқық институтының ашылуы өте ірі оқиға болып қана қоймай, Ақтөбе облысының экономикалық даму тарихындағы ерекше құбылыс болып саналды.

  ҚОХУ тарихында университеттің болашақ бет-бейнесі мен тағдырын айқындайтын ерек­ше оқиғалар орын алды, табысты халықаралық байланыстар, көрнекті еуропалық және ресейлік ЖОО-мен және ғалымдармен бірлесе жасасқан білім беру жобалары жаңа сүрлеудің бастамасы болып саналды. 1998 жылдың 21 тамызында институт (ол кез- де «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институты) оқу орнының бас ғимаратының ашылу салтанатында айтылғандай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен халықаралық компонентінің енгізілуімен аймақта бірінші рет Қазақ-Орыс Халықаралық университеті деп аталды. Мемлекет басшысының бұл ұсынысы ХХІ ғасырға лайықталған Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгі достық пен байланыс тура- лы Декларацияға сәйкес қабылданды. Құрметті профессорлар мен ЖОО-ның серіктестері атап кеткендей, Елбасының сенімі университеттің мәртебесі мен оның одан әрі қарай дамуын айқындайды және оқу орнына көрсетілген зор абырой болып саналады. 15 жыл бойы университетті президент- ректор, адами ресурстарды басқару саласындағы іскери әкімшілік докторы (РВА), психология ғылымдарының докторы, профессор, ҚПҒА-ның академигі Темерхан Байбосынұлы Бердімұратов күні бүгінге дейін басқарып, ректор бо­лып сайланғаннан бері өзіндік көзқарасымен ерекшеленіп келеді