Миссия и введение КРМУ

b423fb131738a027af8201ddb95af382.png

МИССИЯСЫ

     Қазақстан Республикасының білім беру саясаты мен жаһандану кезеңі талаптарына сай академиялық қауымдастықта (оқытушылар, білім алушылар мен жұмыс берушілер) әрбір білім алушыға өз мүмкіндіктерін (интеллектуалдық, эмоционалдық және энергетикалық деңгейі) барынша жүзеге асыруға, салауатты өмір салтын сақтау және бақытты өмір сүруге, жетістіктерге жетуге жол ашатын, жоғары сапалы білім беру ортасын құру.

 

БОЛАШАҒЫ

     2014-2018 жылдар аралығында сапалы білім беруді көздеген, корпоративтік білім мен үздіксіз оқыту, өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау негізінде қызмет ететін, технологиялық және педагогикалық даму жетістіктері мен инновациялық қызметке сүйеніп, өзін-өзі басқаратын ұйым.

СТРАТЕГИЯСЫ

2014-2018 жж. жоспарланған ҚОХУ-дің даму стратегиясы ұлттық білім беру жүйесінің мақсат-міндеттеріне және Қазақстанның Батыс аймағы дамуына сай бағытталып, университет ресурстарына негізделе отырып, келесі ұзақ мерзімді даму бағыттарын белгілейді:

1.     Білім, ғылым және өндіріс бір тұтастығы негізінде Батыс Қазақстанның бәсекеге қабілетті мамандарын қалыптастыруға бағытталған білім бағдарламаларын жетілдіру.

2.     Ұлттық даму басымдылықтарына сәйкес ғылыми-зерттеу қызметінің және ғылыми инновациялық өнім нәтижелерінің коммерциялануының тиімділіктерін арттырып жоғарылату.

3.     Білім беру үрдісіне әлемдік стандарт үлгілерін енгізуді қамтамасыз ететін халықаралық білім ортасына интеграциялану. Білім беру бағдарламаларының сапасын халықаралық деңгейге жеткізу.

4.     Университеттің инновациялық-кәсіпкерлік инфрақұрылымын жетілдіру.

5.     Болашақ мамандардың мәдени-әлеуметтік және кәсіпкерлік біліктілігін, көшбасшылық, кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіру.

6.     Ақтөбе – Қазақстанның урбанистік орталығы.

7.     ҚОХУ – ХХІ ғасыр ЖОО-сы.

8.     Әлемдік табысты көшбасшының моделін  қалыптастыру.



                                                                                                  жуктеу