Нұртерек


загруженное.png

  Біздің символымыз - «Нұртеректің» философиялық негізі туралы 
   1)      Таным. Адам көру, есту, яғни сезім мүшелері арқылы, атап айтсақ, Адам миы, яғни ойы арқылы танып біледі. Осылай мектеп оқушылары және колледждің білім алушылары оқытылып, үйретіледі. Үшінші тәсіл - жүрекпен, жанымен тану, осы нағыз білген болып есептеледі (Аристотель пікірі). Студенттер осылай оқытылуы тиіс. Адам Жүрегі бәрін білетін, бәрін көретін және бәрін еститін Құдаймен кездеседі. 


Өзін-өзі танытатын адам жүрекпен тану қабілетіне ие, яғни заттардың Болмысын түсінеді. Ондай адамды «Көзі ашық адам», заттардың мән-мағынасын түсінген адам дейді. Заттардың мән-мағынасын түсінбейтін адамдар «көкірегінде көзі жоқ, көңілі соқыр адам» делінеді. 
Ақыл арқылы алынған білім Айға ұқсайды, өйткені Ай тек Күннің шағылысқан сәулесі әсерінен ғана жарқырайды. Ай Күннің әсерінен жарқырайды. 
Жүрекпен алынған білім дегеніміз - Күн, яғни өзінің сәулесін тудыратын - Нұр. 
Сондықтан сырттан шағылысқан сәуледен емес, өз біліміңнің сәулесі арқылы жарқырау керек. 
Бұдан университеттегі сабақтардың мета- физикалық болуы, яғни Сезім, Ми және Жүрек үстемдік құру керектігі шығады. 
Адамға өзіндік жарық сәулені беретін Нұрмен тәрбиелеу ғана өз халқына деген шынайы махаббат- ты сезінуге болады. Бұл махаббат адамның барлық қабілеттерін жетілдіріп, абырой, ар, намыс, ерлік сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастырады, олар қазақтың ұлттық этикасының басты ұғымдары. Бұл дәстүрлер бүгінгі таңда орын алған атақ-даңқ, салтанатты мерейтойларға деген шексіз махаббат, орынсыз қызғаншақтық, өзіне, өзінің ата-бабасы- на сын көзбен қарау сияқты сезімдермен шатасты- рылмауы керек. 
2)      Ағаш - университет жанында өскен Ақтөбе ағашынан қалған түбір (оған 140 жыл), біздің өмір сүріп жатқан жеріміздің, үнемі жаңаратын өмірдің символы. 


3)      Әліпбилер. Адамзаттың ең ежелгі бес әліпбиі - шумерлік, грек, қытай, латын және кирил­лица, бұдан «Ең алғашқы Сөз болған және сөз Құдай болған» деген сөз қалған. Жарық, жан, жүрек, білім, ми, махаббат, халық - мәңгілік ел - бәрі бір-бірімен қиылысады, бәрі өзара бір-біріне тәуелді. 


Нұртерек - ежелгі Сөзді тұғыр еткен Таным ағашының Жарық сәулесін сыйлайтын ағаш. 
Нұртерек - университеттің жаңа символы!