Жаңалықтар

Байқау мақсаты: Қазақстандағы заманауи саясаттың өзекті мәселелерін, заманауи  Қазақстан дамуындағы Ұлт көшбасшысының ролін дәріптеу, Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын талқылау, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру.

Байқауды өткізу түрі:

1 кезең: теоретикалық саясаттану бойынша тест тапсырмалары

2 кезең: шығармашылық тапсырма: «Күшті ұлт – күшті мемлекет (5 реформа – 100 нақты  қадам)» немесе«Бес институционалды реформа ел дамуындағы жаңа кезең» тақырыбында эссе жазу.

Әрбір қатысушыға екінші тур тапсырмасының орындалуы туралы нұсқау беріледі. Орындалған эссе  келесі белгілер бойынша бағаланады: мәселенің мәнін ашу деңгейі, автордың логикасы, ғылымилығы, материал фактілерді қолдана білуі (әрбір белгісі бойынша қазылар алқасының әрбір мүшесі жеке бағалайды). Шығармашылық  тапсырмада қажетті сілтемемелер мен аз көлемді болуы қажет  (талаптар нұсқауда айтылады).

3 кезең: ғылыми мақала жазып тапсыру.

Байқау қорытындылары бойынша ғылыми баяндамалар жинағы шығатын болады.

Қатысушылардың жинақты шығаруға байланысты мүшелік жарнасы студенттер үшін  1000 тг. және басқа қатысушылар үшін  2500 тг., ал байқау жеңімпаздары үшін тегін. Мақаланы шығару  үшін 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін dana-phd@mail.ru, politologiya206@yandex.kz  мекен жайға жіберіңіз.

Өтініштер мен мақалаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін, қорытындылау уақыты - 8-10 желтоқсан аралығы.

Байқау ұйымдастырушыларының мекен-жайы: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Журналистика және саясаттану  факультеті, саясаттану кафедрасы Астана қаласы, Янушкевич көш., 6

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы: кафедра меңгерушісі: с.ғ.канд., профессор Нечаева Елена Леонидовна

Жауапты хатшы: доцент м.а., Ph.D докторы Көпежанова Дана Едігеқызы (сот. 8-707 5204740).

Ақпараттық хат