Университетке халықаралық мәртебесінің тағайындалуы

 

Университетке халықаралық мәртебесінің тағайындалуы


 

1998 жылы 21 тамызда Қазақ-Орыс Халықаралық университетіне Қазақстан Республикасының Президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді.


 
 
  
  Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірін реформалау және жетілдіру саласындағы көпшілік мойындаған терең прогрессивтік және қоғамдық еңбегі үшін, Мемлекетіміздің жас буынын қалыптастырудағы гуманизм идеяларын жүзеге асыруға, олардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, сонымен қатар Еуразия идеясын насихаттап, дамытуға және заманауи әлемде тұрақтылықты қалыптастыруға сіңірген ерен еңбегі үшін Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Алтын қанат» Құрмет белгісінің алғашқы иегері атанды.
        Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Бас оқу ғимаратын ашу салтанатында Елбасы университетке «Халықаралық» мәртебе беріп, оны ХХІ ғасырда бағдарланған Қазақстан және Ресей арасындағы мәңгілік достық және ынтымақтастық Декларациясына сәйкес 

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті деп атауды ұсынды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э.Назарбаев жас мемлекетті дамытуда үлес қосатын кадрларды даярлау ісінде жеткен жетістіктер туралы өз тілегін университеттің құрметті қонақтарының жазбалары Кітабында қалдырды.