Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

УМС

ҚОХУ Оқу-Әдістемелік кеңесі   

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - ОӘК) университеттің алқалы басқару органы болып табылады.

ОӘК өз қызметін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңымен, білім беру ұйымының жарғысын және оқу-әдістемелік жұмыстың басқа нормативтік құжаттарын басшылыққа алады. 

ОӘК құрамына оқу-әдістемелік үдерісті қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, кафедра меңгерушілері, кафедраның әдістемелік бөлімдерінің өкілдері, оқытушылар, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.ОӘ кеңес төрағасы Университет Президенті бұйрығымен бекітіледі.

ОӘК жұмысы Кеңес отырысында қабылданған және Университет Президентімен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

ОӘК отырысы жылдың әр тақ айында өткізіледі.

ОӘК төрағасы жыл сайын университеттің Ғылыми кеңесіне  жұмыс нәтижелері туралы есеп береді.

ОӘК негізгі міндеттері:

Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:

  • ОЖЖ дайындау, университет мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогын әзірлеу, Типтік оқу бағдарламасы, ҚР МББС ПОӘК, силлабус, жұмыс бағдарламасына, оқу бағдарламасына сәйкестігін және сапасын бақылау;
  • білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын бақылауды ұйымдастыру;
  • Университет жариялаған оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа да материалдарды жоспарлау және сараптаманы ұйымдастыру;
  • оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;       
  • оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жетілдіру бойынша озық тәжірибені үйрену және тарату;
  • оқу-әдістемелік персоналдың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және сертификаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
  • сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісіндегі әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;                        
  • ЖОО-да жаңа технологияларды енгізу және қолданыстағы технологияларды, әдістемелерді, оқу құралдарын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;
  • профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;
  • білім беруді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оны жүзеге асыруда басым бағыттарды қалыптастыру.

 Оқу-әдістемелік кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу жоспарларын сараптауды ұйымдастыру;
  • департаменттердің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестерінің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
  • Университетте оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
  • Жоғары оқу орындарын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және талқылау;
  • оқулықтарды, оқу құралдарын, соның ішінде электрондық құралдарында және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • өндіріс технологиясы мен ғылымның басым бағыттарын болжау негізінде мамандықтардың (кәсіптердің) тізімін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау;
  • оқу үрдісін жетілдіруге және педагогтерге практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әр түрлі нысандарын енгізу туралы мәселені қарастыру;
  • элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;
  • пререквизиттерді және постреквизиттерді бекіту;                         
  • студенттер мен магистранттардың білімдерін бақылаудың тесттік тапсырмаларын және басқа да нысандарын әзірлеу және сараптау мәселелері;
  • студенттердің өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету және оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы мәселелері;
  • оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кездесулер ұйымдастыру және өткізу.

Бердімұратов Темерхан Байбосынұлы

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің негізін салушы, профессор, психология докторы

Параққа өту
Ваше сообщение отправлено!