Іскерлік қатынастар

Іскери қатынастар және университет қонақтары

   Кез келген ұйым, компания немесе ұжымдық қоғамдастықтың өзіндік келбеті, мінез-құлқы, өмірлік позициялары, басымдықтары болатындығы белгілі. ҚОХУ-да одан тыс қалмақ емес, керісінше, ол өзінің басқалардан айрықшаланатын белгілері мен по- зицияларын дамытып бекіте түсуде. Оған белсенді бастамашылдықпен жүргізілетін және оқу орны әрдайым дамытып отыратын іскери қатынастар мен ынтымақтастықты жатқызу өте орынды.

    Оқу орнының ең басты көрнекі орындарының бірі - университет мұражайы, мұнда универси­тет үшін маңызды тарихи материалдар және іскери қатынастардың артефактілері сақталып, жүйелі түрде жинақталуда.

   Оқу ордасы қалыптасуының бастапқы кезеңінде университеттің аса құрметті қонағы болған Н.Э.Назарбаев айқындап берген «Қазақстан және Ресей елдері арасындағы достық пен татулықты нығайту ісіне қызмет ету» делінген (Н.Э. Назарбаев, Құрметті қонақтар Кітабы жазбаларынан, 21.08.1998 ж.) оқу орнының басты миссиясын университет лайықты деңгейде орындап келеді және бүгінгі таңда айтарлықтай жоғары дәрежеде жүзеге асырылып жатқан бірқатар халықаралық білім беру жобалары туралы мақтанышпен айта алады.

Университеттің қаржылық салымдарының ең көп бөлігі іскери ынтымақтастық бойынша жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда, оған

төмендегілерді жатқызамыз:

- Білім алушылар мен академиялық ұтқырлығы;

- Елімізде және шет елдерде өткізілетін ауқымды іс-шараларға қатысу (ірі форум- дар, симпозиумдар, көрмелер, сайыстар, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар);

- Оқу орнының және аймақтағы кадрлардың біліктілігін арттыру, дәріс оқу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін отандық және шетелдік ғалымдарды шақыру;

- Тәжірибе алмасу, тағылымдамалардан өту, келісімшарттар бекіту және зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы қызметтік іссапарлар. Оқу орнының қалыптасуын, оның бүгінгі

дамуындағы көптеген позицияларын анықтап берген алғашқы іскери қатынастар ірі қайраткер, ғалым, РФ білім және ғылым саласының экс- министр^ Мәскеудегі Халықаралық университетінің ректоры Г.А.Ягодинмен басталған болатын.

ҚОХУ-дың тарихына үңілсек, университеттің екі тарихи туған күні бар, бірі - институт ретінде, екіншісі - Халықаралық университет ретінде. Аты аңызға айналған тұлға, РФ экс-министрі Г.А.Ягодиннің есімі «Нұр» институтының пайда болуымен байланысты болса, ал университеттің екінші рет дүниеге келуі, яғни карьералық өсуі ҚР президенті, Елбасы, ҚОХУ-дің аса Құрметті профессоры Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Жоғары мәртебелі қонақтар мен аты аңызға айналған Тұлғалардың оқу орны үшін де, тұтас

Іскери қатынастар және университет қонақтары

аймақ үшін де тарихи маңызды іс-сапарлары оқу ордасының мәртебесін, позициясын және келбетін анықтаған іскери қатынастар және ірі шешімдер ұмытылмас таңбадай мәңгі жадымыз- да қалады. Профессор Т.Б.Бердімұратов оқу орнының символикасында « Нұр жаусын! - Да вос­сияет свет!» ұранын тектен тек белгілеген жоқ. Оның «оқу ордасы Жаратқанның шапағатына, нұрына бөленсін» деген сакральды мағынасы бар. Солай болған тәрізді, өйткені ҚОХУ-дың өмірге келуі өте сирек және ұлы Тұлғалардың есімдерімен тығыз байланыста өрбиді.

2000 жылдардың басында университетке еуропалықбілімберужүйесіндеинтеграциялануға мүмкіндікбергенмаңызды ынтымақтастықтардың бірі ретінде Швейцариядағы Еуропалық универ- ситетпен (ЕУ) іскерлік серіктестікті атап өтуге болады. ЕУ-мен бұл ынтымақтастық табысты әрі көптеген жетістіктерге ие оқу орындарының бас- шылары ҚОХУ президенті Т.Б.Бердімұратов пен ЕУ президенті Дирк Краеннің еңбегі арқасында жүзеге асырылды.

ҚОХУ+ЕУ халықаралық білім беру жобасы Батыс Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы алғашқы тәжірибе болды және бүгінгі күнге дейін жетілдіріліп келеді. 10 жылдан астам уақыт екі оқу ордасы арасындағы іскери қатынастар Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының да- муына баға жетпес үлес қосты.

Бұл ынтымақтастықтың алғашқы қарлығаш-

тары - бакалаврлар, магистрлер және іскери әкімшілік саласындағы докторларды ҚОХУ мен ЕУ бірлесе қанат қақтырды. Бүгінгі күні 7 жыл ішінде ЕУ кампусынан Ақтөбеде түлеп ұшқан түлектер саны - 115 адамнан асады.

Университет 20 жыл бойына дамып келе жатқан халықаралық қатынастары ауқымымен мақтана алады. Олардың ішінде: Еуропалық университет (Швейцария, Женева), «Русский мир» Қоры (Ре- сей, Мәскеу), Технологиялық білім беру инсти­туты (Греция, Афины), Юзефовадағы А.Гаспери атындағы еуроаймақтық экономика университеті (Польша, Варшава), Лодзьдағы гуманитарлық- экономикалық академия (Польша, Лодзъ), Пан- касила университеті (Индонезия, Джакарта), Ашық университет (Ұлыбритания, Лондон), Ресей Халықтар Достығы университеті (Ресей, Мәскеу), Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университеті (Ресей, Мәскеу), Мәскеу экономика, саясат және құқық институты (Ресей, Мәскеу), Ф.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті (Ре­сей, Омск), М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Ре- сей, Уфа), Самарқанд экономика және сервис институты (Өзбекстан, Самарқанд) және басқа да бірқатар оқу орындары мен ұйымдарды атап өтуге болады, олардың әрқайсысымен ғылыми- әдістемелік қызмет, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау аясында ортақ жо- балар жүзеге асырылуда.

Осындай іскери серіктестер қатарына көрнекі американдық психолог, нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізін салушы Джон Гриндерді (Вена, Австрия, 2002 ж.-дан ба- стап); отандық акмеология ғылымының негізін қалаушы, академик Н.В. Кузьминаны (Санкт-Петербург, Ресей); Қазақстан Педаго­гика ғылымдары Академиясы Басқармасының төрағасы, академик А.К.Құсайыновты (Ал­маты, Қазақстан); Афинадағы Технологиялық білім беру институтының профессоры, док­тор М.Глампедакисті (Афины, Греция); Б¥¥ жанындағы қолданбалы ақпарат Академиясының Академигі С.А.Гониянцты (Мәскеу, Ресей); Томск мемлекеттік университетінің ректо­ры Г.А.Майерді (Томск, Ресей); Лодзъдағы Гуманитарлық-Экономикалық Академияның Президенті М.Стасякты (Лодзь, Поль­ша); Юзефовадағы Еуроаймақтық эконо­мика университетінің ректоры, профессор Т.Граацты (Варшава, Польша); А.С.Пушкин атындағы орыс тілі мемлекеттік институты, біліктілікті көтеру факультетінің деканы, пе­дагогика ғылымдарының докторы, профессор

Н.В.Кулибинаны (Мәскеу, Ресей); Ақтөбе заң институтының басшысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.О.Түзелбаевты (Ақтөбе, Қазақстан); ҚР ӘМ Заң Институтының директоры, заң ғылымдарының докторы; про­фессор А.А.Смағұловты (Астана, Қазақстан);

Әл-Фараби атындағы Қаз¥У-дың кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор М.К.Алдабергеновті және тағы басқаларды жатқызуға болады.

Жоғары мәртебелі қонақтармен ұмытылмас кездесулердің і шінде: ҚР бірінші ханымы, «Бөбек» қорының Президенті С.А.Назарбаеваны; Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі М.Н.Бочарниковты; Польшаның Қазақстандағы Елшісінің кеңесшісі М.Лапановскийді; ҚР-дағы Польша елшісі Я.Клочковскийді; Қазақстандағы Ресей Елшілігінің Бас консулы С.М.Забитовты; Қазақстандағы АҚШ елшісі Дж.Ордвейді; ҚР ішкі істер министрі Қ.Ш.Сүлейменовты; ҚР Президентінің баспасөз хатшысы А.Бисенбаевты; Еуропа жоғары білім беру Кеңесінің сарапшысы, Болон процесі Комитетінің мүшесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңесшісі Б.Бауманнды (Германия) және басқаларын атап өткен орынды.

Сонымен қатар, белгілі өнер саласының қайраткерлері: атақты жазушы, Халықаралық Абай Клубының президенті Роллан Сейсен- баев; белгілі жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев; белгілі ресейлік композитор және әнші Юрий Лоза; ҚР халық әртісі, әнші Толқын Забированы және тағы басқаларды атап өтуге болады.