Қазақстан тарихы және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы және әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасының (ҚТжӘГПК) құрылуы өз тарихында Психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен тығыз байланысты. 2013 жылы екі кафедра қазіргі ҚТжӘГПК және Психология, филология және ау- дарма кафедралары қайта біріктіріліп құрылды.

Патриоттық тәрбие беру механизмін күшейту мен нығайту, өз халқының мен аймағының тарихы- на құрметпен қарау, Қазақстанда тарих ғылымын көкейтестілендіру сияқты соңғы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім орда- сы ұлттық идеологияны тиімді жүзеге асыру үшін ғылыми мамандарды тарихшы ғалымдарды тарта отырып, осыған сәйкес жеке Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасын ашуға шешім қабылдады. Осы оқу жылында тарих ғылымдарының кандидат- тары Д.Қ.Әбенов, Д.Я.Фризен, Н.В.Степаненколар қызметке шақырылды.

Қазіргі таңда кафедра құрамында 5 ғылым кан­дидаты, 3 магистрант, 2 оқытушы бар. Кафедра меңгерушілігіне аймақтағы жетекші маманның бірі, тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Құсайынұлы Әбенов тағайындалды.

Кафедра жоспарында гуманитарлық мамандықтар, сондай-ақ Дінтану сияқты қоғам талабына аса қажет мамандық ашу жоспарла- нып отыр. Болашақта кадр әлеуетін арттыру, мамандықтар ашу, аймақтық мәселелерді зертте- уге бағытталған элективті курстар аясын кеңейту жоспарланып отыр.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қазіргі таңда «Батыс Қазақстанның әлеуметтік-

экономикалық және саяси дамуының көкеитесті мәселелері» тақырыбын ғылыми-зерттеу жұмысының нысаны етіп алып отыр. Аталған тақырып бойынша ағымдағы жылы 2 моногра­фия, 4 оқу құралы және 14-тен астам ғылыми мақала жарық көрді.

Оқу орнының атына кафедраның ғылыми- зерттеу, мәдени-көпшілік, тарихи-танымдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін көптеген алғыс хаттар келіп түсті.

Кафедра жалпы білім беретін пәндер бойын­ша бакалавриаттардың барлық мамандықтарын оқытуды ұйымдастырады, «Дінтану» элективті курсы тарих және философия ғылымы магистратурасының білім беру бағдарламасының міндетті компоненттерінің бірінен саналады.

Кафедрада ақпараттық интернет-ресурстар- ды іріктеуден өткізетін электрондық кітапхана (электронды оқулықтар банкі) құрылған және үнемі толықтырылып отырады.

Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруына жіті көңіл бөлінеді. Өткен жылы кафедра 5 ғылыми- әдістемелік іс-шара өткізді: «Applying for international research grants» тақырыбында халықаралық се­минар (Хартфорд университетінің профессор М.Бергандер, АҚШ); «Әлемде және Қазақстанда сапалы білім беру» тақырыбындағы республикалық семинар (п.ғ.д., академик А.К.Кусаинов, ҚПҒА, Ал­маты); «Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық» шеберлік класс (доцент Д.К.Әбенов, ҚОХУ); «Жа- стар мен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алудың көкейтесті мәселелері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар (доцент Р.Ш.Жұмағазиева, ҚОХУ).

2013 жылы кафедра 14 түрлі біліктілікті көтеру шараларына қатысты, оның ішінде халықаралық деңгейде — 4, республикалық деңгейде — 4, университет деңгейінде — 6.

Описание: image388

Тәрбие жұмыстары кафедраның жұмысының маңызды бөлігі, сондықтан Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының ерекшеліктерін түсіндіру мен үгіттеу мақсатындағы шаралар, тек қана экономикаға ғана емес, студенттердің қазіргі заманғы көзқарастарын қалыптастыру мен идеологияға бағыттау, сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылық басымдық орта саналатын ұлттар арасындағы келісімді сақтау, әлеуметтік серіктестік, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тіліне және басқа да халықтардың тіліне құрметпен қарау сияқты тақырыптарда іс-шаралар үнемі жүргізіліп отырады. Материалдық-техникалық жағынан ка­федра «Академиялық кафедра» жобасы бойынша құрылымдық бөлімдердің ғылыми дамуына қызмет ететін қуатты материалдық белсенділікке ие. Ка- федрада оқу-зертханалық база ретінде 2 мұражай (университет мұражайы және дизайнерлік), «Бо­дрость» заманауи спорттық-сауықтыру кешені, 2 лектік дәрісхана пайдаланылады.

Кафедра мүшелері ҚР Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдаған Қазақстан және «Қазақстан-2050» стратегиялық дамуы Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау шара- ларына атсалысады.

Өзінің жеке ғылыми мектептерін дамыту, білім беру үдерісінің ғылыми қызметін көкейтестілендіру үшін кафедраның төмендегідей ғылыми құрылымдары құрылған. Академиялық кафедралар:

I.       ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалың жәнесаясидамудың көкеИтесті мәселелері:

а/ Мұрағат және мерзімді басылым көздеріндегі Батыс Қазақстанның тарихы - ғылыми жетекші, доцент Д.К.Әбенов

б/ Аймақтағы аграрлық қатынасты дамыту- ғылыми жетекші, доцент Д.Я.Фризен.

в/ Саяси-құқықтық дамудың ерекшеліктері - ғылыми жетекші,доцент Р.Ш.Жұмағазиева.

II.     Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі аныңтаудағы жастардың беИімделу ңұндылығы (Батыс Қазақстан аймағындағы әлеуметтік зерттеулер ма- териалдары негізінде) - ғылыми жетекші,доцент

С.Б.Курманова.

III.   Бәсекеге ңабілетті мамандарды ңалып- тастыруда студенттерді спорттың-сауыңтыру жағынан тәрбиелеу - ғылыми жетекші, профес­сор С.А.Гониянц (РГУФКСМТ, Мәскеу).

Академиялық кафедраның ғылыми жұмыстарына ғалымдар, университет магистрлері мен студенттері, «Нұр» студенттік емханасы, «Бо­дрость» сауықтыру технопаркі қызметкерлері, аймақтың басқа да жоғарғы оқу орындарының және жақын шетелдердің ғалымдары тартылған.