Экономика, менеджмент жэне қызмет көрсету кафедрасы

ЖОО-ның қалыптасу тарихында Экономи­ка, менеджемент жэне қызмет көрсету мен Құқықтану кафедралары ерекше орын ала- ды. Университеттің қызметтік өсу баспалдағы Қаржы және несие, Бухгалтерлік есеп және аудит, Құқықтану сияқты аталған кафедраның алғашқы мамандықтарымен байланысты болды.

Университет еліміздің экономикалық даму жағдайында қалыптасқандықтан, аймақтағы кезек күттірмейтін міндеттің бірі экономикалық жоғары білімді мамандар дайындауды көздеді.

Бүгінгі таңда экономика, менеджмент жэне қызмет көрсету кафедрасы өзінің жеткілікті жоғары интеллектуальды әлеуеті арқасында заманауи материалдық-техникалық базасы негізінде білім беру бағдарламасының көлемін біршама кеңейтіп, бакалавриат бойынша мамандық саны 6-ға жетті: Менеджмент, Есеп жэне аудит, Қаржы, Марке­тинг, Туризм, Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету; магистратура бойынша 2 мамандық: Менедже­мент және Қаржы. Экономикалық мамандық бой­ынша студент саны 900-ге жетті.

Кафедраның ғылыми іргетасы мен жақсы әдістемелік әлеуетін білім ордасының қабырғасында өзінің еңбек жолдарын бастаған өңірдің алғашқы экономист-ғалымдары қалады, сонымен қатар мақсатты түрде Қазақстандық мен шетелдік ЖОО-дан ғалымдар шақырылды. Олардың арасында: экономика ғылымдарының докторы, профессор А.Ю.Манюшис, эко номика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Овсянников, экономика ғылымдарының докторы, профессор Л.Г.Ходов, экономика ғылымдарының докторы Ю.Н.Иванов, физи­ка-математика ғылымдарының кандидаты, до­цент С.И.Бирюков, Д.А.Аширов, экономика ғылымдарының докторы В.А.Александров, экономика ғылымдарының докторы В.М.Серов, экономика ғылымдарының кандидаты М.Н.Романчук, экономика ғылымдарының кан­дидаты, доцент У.Б.Байжомартов жэне т.б. болатын.

Өз ісіне шынайы беріле қызмет ету мен жанын сала оқушылар мен кадр дайындау- да өткен жол рухани жэне интеллектуаль­ды дивидент әкелетінін көрсетті. Солардың ішінде университет қабырғасында өскен және бүгінде өз мамандығының білгірлері, эконо­мика ғылымдарының кандидаты, профессор С.В.Сулима, экономика ғылымдарының канди­даты, доцент Г.Т.Қоңырқұлжаева, экономика ғылымдарының кадидаты, доцент Р.А.Карабасов, экономика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор, доцент Г.Е.Жұмина, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент З.А.Алямова, қаржы магистрі, DBA докторы С.Б.Дүйсеғалиева, қаржы магистрі, DBA докторы М.С.Нурмаганбетова, қаржы магистрі, DBA докторы Ж.К.Шарипова, қаржы магистрі, DBA докторы О.И.Лыгина және т.б. атауға болады.

Алғашқы өңірдегі DBA докторлары эко­номика, менеджмент және қызмет көрсету кафедрасының оқытушылары (М.С.Нұрмағанбетова,  Ж. К. Шарипова, А.К. Өтешова) болатын, олар 10 жылдан астам уақыт аралығында Швейцариядағы Еуропа университеттерімен халықаралық байланыстың арқасында қаржы мен инвестиция саласындағы іскери әкімшілік Докторы дәрежесін алды.

Кафедраның жеткілікті беделді кадрлық құрамы өңірдегі қазіргі экономика ғылымының негізін қалап, гүлденген Қазақстан мен басқа да шетелдердің экономика мен бизнес салаларындағы мектептерді көрсете алатын- дай заманауи құзыретті маман қалыптастыруда қомақты, баға жетпестей үлес қосты.

Олардың арасында оқу орнымыздың мақтанышы, Қаржы мамандығының түлегі, Ақтөбе облысының Әкімі, құрметті Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов; Қазақстан Республи- касы сот актілерін орындау бойынша Төрағасының бірінші орынбасары С.М.Ли; БТА банктің Қаржыны басқару бөлімінің бастығы, БТА банктің Сатуды басқару бастығының орынбасары Н.Буканев; ММ «Ақтөбе облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығының» бас бухгалтері И.И.Байсеуова; ММ «Қызылорда облысы Жалағаш ауда- ны Қазынашылықты басқарудың» инспектрі А.Д.Байжанова; Ақтөбе облысы бойынша салық Департаментінің бас маманы М.С.Джусупова; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қаржылық кеңесшісі Е.А.Сарсенов; «ЭКОЭКСПРЕСС Актобе» ЖШС экономисі Е.Е.Калабаев және т.б. бар болатын. Экономика мамандығының студенттері ерекше ұйымдастырушылық қабілеттері, тапқырлығы, өткір ойлылығы, жан-жақтылығы, шешендігі, қарым-қатынастағы ерекше қасиеттерімен басқалардан айрықшаланады. Бұл қасиеттері арқасында олар басқаларға орын бермейді, ме­даль иегерлері, сыйлық алу, титулдар иелену және басқа да жоғары деңгейдегі марапаттарға иеленетіндер арасынан экономистерді көптеп кездестіреміз, себебі олардың ерекше қабілеттерінің нәтижесінен болып саналады.

Сонымен, университеттегі алғашқы«Оқудағы жетістігі үшін» алтын медальды Қаржы маман- дығының студенті Пётр Ясько иеленді (2009). Тек соңғы жылдары олимпиада жеңімпаздары атанған студенттер:                                    Л.Анес, Ж.Қадірбаева,

Г.Жарымбетова (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ба- засында өткен «Менеджемент» мамандығы бой­ынша VI республикалық студенттік олимпиада Алматы, 2014); А.Мұстахимова, Н.Қаныбекұлы, А.Абдурахманова (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ базасында өткен «Қаржы» мамандығы бойынша IV Республикалық студенттік пәндік олимпиада. Алматы, 2014).

Экономист қыздар К.Стрельская, Л.Ғаниевалар 2011 жылдан бері қарай бірінші Ақтөбе аруы тәжін ешкімге бермей келе жатқанын мақтан етеді.

Өткен жылы кафедраның студенттері мен ма- гистранттары төмендегідей халықаралық және республикалық конференцияларға қатысты. Олар: 3 конференция (57 студент); 3 семи­нар (106 адам); 6 дөңгелек үстел (139 адам), халықаралық форум (3 адам), тренинг (75 адам): 5 конкурс пен олимпиада (23 адам).

Кафедрада дәстүрлі түрде келесі жылы бо­латын СҒЗЖ-ға студенттердің қатысуы үшін дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Кафедрада мамандықтар бойынша мамандар даиындау сапасын жақсарту, ғылыми зерттеулер үшін жағдай туғызу мақсатында үнемі кабинеттер мен дәрісханаларды заманауи оқу зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады.

Арнайы кабинеттер мен зертханалардың өзіндік ерекшеліктері жиһаздардан бастап топтық шығармашылық жұмыс, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткізу үшін арнайы жасақталған оқу интерьері мен материалдық-техникалық жабдықталуы болып саналады. Кафедраның арнайы жабдықталған кабинеттерін қазіргі заманғы видеокамера, компьютер, интерактивті тақта, тақырыптық электронды кітапхана, көрмесіз елестету мүмкін емес.

Болашақ мамандарды дайындауда бүгінгі күні техниканы пайдаланбай, оқу үдерісін жүргізу мүмкін емес екенімен келіспеуге болмайды. Дегенмен, университет тарихында алғашқы рет оқу орнының президенті Т.Б.Бердімұратовтың жетекшілігімен оқу мақсатында шынайы операциялық жүйелерімен, бөлімдері мен валюталарымен шынайы оқу банкі жасалынды. Баспахана арқылы университеттің бұрынғы АИМБП «НҰР» атына сәйкес НҰРлықтар оқу банкісінің купюрлері басылып шықты. Банкте өзінің курс валютасы болды, студенттер белгіленген курс бойынша алынған бағасына сәйкес НҰРлық студент­тер табыс тапты.

Бүгінде әрқашан оқу үдерісіне креативті тех- нологияны қолдану шешімін пайдалану, ЖОО- да интерактивті оқыту технологиясын енгізуден ескерткіш және куә ретінде НУРлықтар уни­верситет мұражайында мұқият сақталған. Профессор Т.Б.Бердімұратов өз ұжымы мен студенттерін былайша тәрбиелейді: егер бірінші және ең жақсы болғың келсе, өз жаныңды са- лып еңбек ет, шешім қабылда, ойға алғаныңды орында. Бүгінгі таңда кафедраның дәстүрі шы­найы өндірістік нысандар: Зертхана, оқу фирма- лары, бизнес-инкубаторлар құру табысты түрде жалғасын табуда. Сөйтіп, 2011 жылы құрылған Бренд-менеджмент зертханасы университет пен кафедраның ғылым, білім және өндірісті шынайы интеграциялауды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ең перспективті зертханасы болып сана­лады. Зертхана «Шанз Элизе» шағын-маркетімен қатар құрылды, сөйтіп, ол 2011 жылғы білім ордасының басты жобасы болды.

Құрамына іс жүзінде әрекет етіп тұрған «Шанз Элизе» шағын-маркеті кіретін зертхана құрылымы әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету мамандығы студенттеріне заманауи техноло­гия мен қызметтер мен қызмет көрсету жүйесі, экономикалық басқару қызметтерінің, соны- мен қатар жеке қызметкерлерді басқарудың тәжірибелік дағдыларын үйретеді. Менеджер- студенттер зертхана базасында экономикалық қызмет пен ұйымдарды басқаруды ұйымдастыру, дамудың ең тиімді нұсқаларын таңдай білуге үйрену, қызметкерлер қызметін жанданды- ру, өндірісті басқарудың тиімді құрылымдарын қалыптастыру сияқты тәжірибелік дағдыларды меңгереді. «Қаржы» мамандығының студенттері экономикалық категорияларды қолдану, қаржы стратегиясының бағыттарын айқындау, қаржылық өзара байланысты, жоспарлау, бюджеттін жасау және қаржы-экономикалық үдерістерге болжам жасау, есептік құжаттар мен басқа да құқықтық құжаттарды жасау тәжірибесіне төселеді.

Бухгалтер студенттердің есеп жүргізудің тиімді жүйесін жасақтау және тиімді есептеу са- ясатын таңдау негізінде есептеу, шаруашылық- қаржылық қызмет пен оның нәтижелерін анықтау мен активтер қозғалысы және есеп­теу, есеп және есеп беру ақпараттарын өңдеу мәселелерінде құзыреттілігі байқалады.

Кафедраның өндіріспен тығыз байланы- сы арқасында оқу орны өзінің студенттерін жұмыспен қамтуды тиімді шеше алады, соңғы 5 жылда кафедра түлектерінің жұмыспен қамтылуы 80%-дан артық көрсеткішке ие.

Кафедраның экономиканың шынайы секто- рындағы кәсіпорындар мен ұйымдармен байла- нысы олардың ұзақ мерзімді келісімшартқа оты- руына мүмкіндік жасайды. Олардың арасында экономиканың шынайы секорындағы 40 ұйым бар.

Облыстың ЖОО-ы арасынан университет жоғары рейтинг иеленуінің мәні: қаржылық сек­тор ұйымдарынан университет студенттерінің жұмысқа орналасуына көптеген сұраныс түсуімен ерекшеленеді.

Кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми- педагогикалық біліктіліктерін жетілдірумен үздіксіз айналысып отырады. Тек соңғы жылдың ішінде біліктілік арттырудың 16 іс-шарасына қатынасты: олардың 4-і халықаралық деңгей, 7-і республикалық деңгей, 5-і университеттік деңгей.

Жыл сайын кафедра ұжымы халықаралық, республикалық және өңірлік ғылыми конференцияларға қатысады. Тек соңғы жылда ка­федра ғалымдары халықаралық және өңірлік кон ференцияларда 17 баяндамасымен шықты, олардың ішінде, алыс шетелге - 2, халықаралық (Ресей, Укра­ина, Польша, Қазақстан) - 11, республикалық - 3, интернет-алаңда - 1.

Ғылыми қызметтіңбелсенділігі басылымдардың көлемінің өсуімен айқындалады, соңғы екі жыл­да 130 б.б. (2000 беттен артық.) артты. Кафедра ғалымдары соңғы жылдары сегіз оқу құралы, ал- пыстан астам ғылыми мақала, оның ішінде бесеуі жоғары импакт-факторлы журналда жарыққа шыққан.

Кафедрада академиялық ұтқырлықты ерекше белсенді жүріп келеді, соңғы 2-3 жылда 20-дан астам отандық астаналық және шетелдікЖОО- мен бару және келу үдерісі орын алды.

Бүгінгі таңда кафедра тәжірибеге бейімделген білім беру аясында аянбай еңбек етіп келеді, соның нәтижесінде «Кәсіпкерлік университет» жобасын жүзеге асыруды өмірге енгізуді белсенді жүргізіп келеді. Кафедра қызметінде ғылым кандидаты, PhD доктор, DBA доктор, магистр ғылыми дәрежелері бар 19 оқытушы жұмыс істейді. Есте қаларлығы, 10 жылдай бұрын университет қабырғасында өзінің жұмыс өтілін оқытушы ретінде бастаған, қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі мәртебесін иеленген, белсенді ғалым, студенттерге тәлімгер, ҚР БҒМ іс- шараларына қатысушы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Сергей Владимирович Сулима. Экономика, менеджемент және қызмет көрсету кафедрасы құрылғаннан бергі жыл- дар ішінде 2,5 мыңнан астам маман дайындап шығарды, 2014 жылы Менеджмент және Қаржы мамандығы бойынша тұңғыш рет 26 магистрантты ұясынан ұшырмақшы.