Техникалық және жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы

   Кафедра 1994 жылы Математика жэне ин­форматика кафедрасыдеген атпен құрылды. Кафедраның ғылыми зерттеу жұмысында үнемі жаңа идея, әдіс, тәсілдер іздеуші, бір мақсатты көздеген, көзқарастары бірдей ғалымдар М.С.Құрманбаева, Р.Я.Алямова сынды алғашқы кафедра меңгерушілері болған.

2008 жылы кафедраның атауы көптеген техникалық мамандықтардың ашылуымен байланысты Техникалық және жаратылыста­ну ғылыми пәндер кафедрасы деп өзгертілді. Кафедраны жоғары математиканың ерек­ше курсын құрастырған, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Наиль Кут- лужанович Бакиров (1952-2010) басқарды.

Айта кететін жайт, профессор Н.К.Бакиров Ақтөбе өңірінде алғаш ашылған белгілі кен ор- нын ашушы, еңбек сіңірген қайраткер, геология- минералогия ғылымдарының кандидаты Кутлу Хакимовича Бакировтың ұлы болатын.

Университет басшылары оған қызметтегі зо еңбегі үшін құрметті профессор атағын берді со- нымен қатар оны соңғы сапарға шығарып салды.

Өкінішке орай, белгілі ғалымның ұлы профес­сор Наиль Бакиров жолкөлік апатының құрбаны боп, өмірден ерте озды. Университет ұжымы осындай керемет жаннан айрылғандарына қатты қайғырды.

Кафедраның кейінгі тағдыры техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмабай Барақбайұлы Тұқашевқа тапсырылды. Ғалымның кафедраға меңгеруші болып келуімен жаңа серпін пайда болды. 2011-2013 жылда- ры Ж.Б.Тұқашевтың бастамасымен Құрылыс, Неорганикалық заттардың химиялық техноло- гиясы, Стандарттау, сертификациялау және ме­трология мамандықтары ашылды.

2010 жылдан күні бүгінге дейін доцент Тұқашев кафедрасымен бірге үнемі «Үміт» ба- лалар үйіне материалдық көмек көрсетіп келеді.

2012-2013 оқу жылынан бастап кафедраны- педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Фаритовна Семенихина басқарды. Оның кафедраға келуімен ғылыми-әдістемелік жұмыстар, оқу-әдістемелік құралдар шығару, әдістемелік сипаттағы оқу семинарлары, шеберлік кластарын жүргізу сияқты жұмыстар түрі жанданды.

    2013 жылдан кафедраны физика-математи­ка ғылымдарының кандидаты, жас, болашағы зор, белсенді ғалым Зарина Жеткергенқызы Алеуова басқарып отыр. Ғалымның тербелмелі үдерістердің дифференциалды теңдемесі бағытындағы 25-тен аса ғылыми жұмыстары отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрді. З.Ж.Алеуованың кафедра басшылығына келуімен еліміздің ірі ЖОО-мен ерекше іскерлік байланыстар басталды, мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы), Қазақ-Неміс университеті (Алматы), РМК «Технологиялық болжамдаудың ұлттық университеті» (Алма­ты), Қ.Жұбанов атындағы АқМУ-дің қолданбалы математика және информатика институты (Ақтөбе), ҚР ИЖТМ Өндірістік Комитеті (Астана).

   Қазіргі кезде жасыл экономика, табиғи ресур- стар мен қоршаған ортаны қорғау, индустрияның қазіргі проблемалары, неорганикалық заттардың химиялық технологиясы, автоматизация мәселе- лерінің көкейтестілігі арқасында байланыстар арта түсті.

Аталған мәселелерге оқу орны басшылары та- рапынан айрықша көңіл бөліне бастады. Тек қана соңғы 2-3 жыл ішінде оқу үдерісіне 8-ден астам білікті мамандар шақырылып қызметке тартыл- ды: химия ғылымдарының кандидаты, профессор К.К.Лепесов (РМК Технологиялық болжамдаудың ұлттықуниверситетініңжүйеліталдаужәнеболжам- дау бөлімінің меңгерушісі), химия ғылымдарының докторы, профессор М.К.Алдабергенов (Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, кафедра меңгерушісі), химия ғылымдарының кандидаты, доцент К.М.Шалмағанбетов (докторант, Москва); IT- технологий саласының магистрі Н.Урусофф (Нью Мексико мемлекеттік университеті, АҚШ, Нью Мексико); С.Бәйішев атындағы АУ-дің аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.К.Куржембаев; Ақтөбе аралық дабыл беру мен ШЧ-5 байланысының инженері, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.А.Қисманов және т.б.

Кафедраның жоғары мамандандырылған құрамы біртіндеп толықтырылды, қазір таңда төмендегідей мамандар жұмыс істейді: фи­зика-математика ғылымдарының кандидаты З.Ж.Алеуова, техника ғылымдарының канди­

даты Р.Я.Алямова, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Б.Тұқашев, педаго­гика ғылымдарының кандидаты, профес­сор Г.А.Тәкішева, техника ғылымдарының кандидаты Г.Н.Қазбекова, физика-мате­матика ғылымдарының кандидаты, до­цент Г.Т.Ыбыраева, техника ғылымдарының кандидаты доцент Г.С.Сахатова, техника ғылымдарының кандидаты А.Ж.Аяғанова, химия ғылымдарының кандидаты А.Е.Қоңырбав, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Өтеген-Тана, техни­ка ғылымдарының кандидаты Ж.А.Даев, техни­ка ғылымдарының кандидаты Т.Б.Бейсенбаев, ұйымдастыру мен менеджемент саласының іскери әкімшілік докторы А.Б.Сағымбай, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Б.Т.Жапар және 10-нан аса магистрлер мен аға оқытушылар.

Кафедраның қызметтік өсуі жағынан ди­зайнерлер ерекше орынға ие. Оқу орнының Президенті, өнерді ерекше сыйлайтын, суретшілердің жұмыстарына табынушы, про­фессор, Т.Б.Бердімұратовтың бастамасымен өнерге еңбегі сіңірген қайраткерлер, суретшілер одағының мүшесі, профессор Әнуар Өтеген-Тана, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты Мәрзия Жақсығариналар шақырылған еді.

ҚОХУ-дің графикалық дизайн мамандығының негізін салушы ретінде А.Өтеген-Танаға профес­сор атағы берілді.

Университетте студент-дизайнерлердің облыстық және республикалық деңгейдегі шығармашылық көрмелері дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.

Техникалық жэне жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы төмендегідей мамандықтар бойынша жоғарғы білімді бакалавр дайындайды: Автоматтау және басқару, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникалары және бағдарламамен қамтамасыз ету, Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Дизайн, Құрылыс; Студенттерге қажетті оқу-ғылыми зертханалар мен арнайы ка- бинеттер жабдықталған.

Кафедра қазіргі заманғы компьютерлік техни- камен және су, тағам өнімдері, топырақтың 100- ден астам түрлеріне зертханалық зерттеулер жүргізетін «НАСН» амарикалық компаниясының қазіргі заманғы шағын-зертханасының ерекше зертханалық құралдарымен жабдықталған.

Қазіргі таңда кафедраның химия, экология және ӨҚН-нің кабинет-зертханалары; «Дизайн» бағыты бойынша «Фреска» оқу-өндірістік фир­ма, IT-технология бойынша «НУР-SOFT» каби- нет-зертханасы; физика мен математика зерт- ханалары; IT-технологиясы Департаменті; екі компьютерлік залмен қамтамасыз етілген.

Сабақ жүргізу үшін бағдарламалық жабдықталған лицензиялы компьютерлер, про- екторлар, видео және фотосандық камералар, видеомагнитафон және теледидарлар, Интер- нет-ресурстар пайдаланылады.

Кафедра студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі, ғылыми жобаларға, халықаралық, республикалық ғылыми- техникалық конференцияларға үзбей қатысады.

Сонымен қатар, кафедраның ғылыми бағыттары аясында ғылыми және өндірістік

УІ U

ұйымдармен байланыс орнатылған.

Кафедраның оқытушылары Ақтөбе қаласының мектеп оқушыларымен математика, информати­ка, физика, химия пәндері бойынша олимпиадаға дайындық, спорттық ойындар, шахмат, дой- бы, тоғызқұмалақ өткізу жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді

Кафедра өзінің құрылған кезінен бастап 650- ден астам жоғары білікті мамандар дайындап шығарды. Қазіргі кезде кафедрада магистрант- тармен қоса білім алушылар саны 3000-нан астам адамды құрайды.

Студенттер ақпараттық технология саласын- да жоғары кәсібилігімен айрықшаланады, кейбірі оқи жүріп университет қабырғасында және аймақ ұйымдарында қызмет көрсетіп жүр. Олар бағдарламашы, сервер жүйесінің менеджерлері, инженер көмекшілері, ұйым сайттарын жасаушы- лар, сонымен қатар баспа ісі мен жарнама бойын­ша фотостудиялардың дизайн-менеджерлері болып жұмыс істеуде: М.Муха, Д.Майер, А.Жугунисов, Д.Зязева, Д.Дерезовский және т.б.

Тек қана ағымдағы оқу жылында бітіруші студенттер мен магистранттардың 8 ғылыми- зерттеу жұмысы тапсырыс бойынша орындалды.

Техникалық мамандықтың көшбасшы- студенттері өңір тарихында тұңғыш рет Қазақстандық Ұлттық жастардың дельфин ой- ындарына (2012) қатысып, республикалық деңгейдегі кезеңдеріндерде жоғарғы нәтиже көрсетті. «Фотография» және «Бейнелеу» но- минациялары бойынша жүлделі орындарды иеленді (1 және 3 орын) және Лауреаттар атан- ды. Бір таңқаларлығы, техникалық мамандық студенттері арасында тек қана «әзіл емес», көркем сөздің хас шеберлері поэзиямен ай- налысатындары да бар. Олардың арасынан университеттің рәміздері тарихында мәңгілік есте сақталатын, университет әнұранының ав­торы, яғни сөзін жазған (2011) Әділхан Ниет (АУ) пен Нұрболат Бөкенбаевты ерекше атауға болады. (ВТиПО).

Технарлықстуденттердіңшығармашылығының шегі жоқ, сондықтан белгілі «Алау» КТК-ның са- пынан Арман Исатаевты, сонымен қатар ұялы телефон арқылы басқарылатын роботтар жасау бойынша бастамашылар, оқу орнының бейнелеу интерьерінің безендірілуі бойынша топ мүшесі, 3D форматтағы университеттің интернет- сайтының жасаушылары қатарынан М.Муха мен Д.Майерді көруге болады.

Бұл кафедра «ең көпбалалы» кафедра, себебі кафедраның жас мамандары ешқашан шаршап шалдығуды білмейді, отбасын құрып, өмірге сәби

V/ V

әкеліп, бағып-қағу мәселесінен де қаймықпайды, әрі жұмыстарына да үлгеріп жатады. Сондықтан олардың алға ұмтылыстары, ғылыми ізденістері ұжымға жағымды эсер қалыптастырады.