Психология, филология және аударма кафедрасы

Психология, филология және аударма кафедрасы

Кафедраның пайда болу мерзімі 1994 жыл- дан, яғни университеттің құрылу сәтінен баста- лады. Бастапқыда «Шет тілдері» кафедрасы деп аталды, 1996 жылы кафедраға «Тіл жэне аудар­ма» атауы берілді, 2005 жылы «Филология және аударма» кафедрасы, ал 2013 жылдан бастап, кафедра кеңейіп, «Психология, филология жэне аударма» кафедрасы деген атауға ие болды.

Шеттілдері кафедрасыныңалғашқы меңгерушісі аға оқытушы, доцент В. И. Агапова болды. Кейінірек кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Есказина басқарды. Ал 1996 жылы кафедраға жетекшілік жасауға белгілі маман, аға оқытушы, өмірден ерте кеткен талант- ты лингвист, доцент В.Я.Ямбаев шақыртылды; кейінгі жылдарда кафедраның аға оқытушысы, аударма саласының тәжірибелі маманы М.В. Бай- дильдинова; педагогика ғылымдарының канди­даты, доцент С.С.Кулмагамбетова; филология ғылымдарының кандидаты Ж.А.Исина кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Бүгінгі таңда кафедраны жетекші маман, ғалым-педагог, Ресей Білім беру Академиясының әлеуметтік педагогика Институты Мәскеулік ғылыми мектебінің ғылыми- педагогикалық базасын терең игерген Гүлфия Мұратқызы Яппарова басқаруда.

Әр жылдарда кафедрада медицина ғылымдарының докторы, профессор З. А. Назаров, өнертану кандидаты А.И.Мамбетова, биология ғылымдарының кандидаты К.Ш.Уразгалиев, медицина ғылымдарының кандидаты Р.С.Темиркулова, педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент С.П.Тенеряднова, фи­лология ғылымдарының кандидаты, доцент К.Ж.Джолчибекова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. К. Искендирова, аға оқытушы Г.Б.Бердімұратова, филология ғылымдарының докторы, профессор К.Б.Уразаева, өнертану кандидаты М.Ж.Жаксыгарина, филология

ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А.Екибаева сияқты ғалымдар жұмыс жасады.

Қазіргі кезде кафедра педагогика, психология жэне филология ғалымдарын біріктіріп, жаңа құрамда қызмет етуде. Бүгінгі таңдағы қоғамға қажетті мамандықтар Аударма ісі, Психология, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Қазақ жэне Орыс филологиясы мамандықтары бойын­ша бакалаврларды даярлайды.

Кафедрада білім алып жатқан студенттердің контингенті ағымдағы жылы 500-ге жетті. Кафе­дра барлық кезеңдегі жұмысы барысында 600-ге тарта маманды түлетіп ұшырды.

Кафедра концепциясының білім беру және ғылыми-зерттеу аясындағы құрамдастары про­фессор Т.Б.Бердімұратовтың жетекшілігіндегі оқытудың нейролингвистикалық технологиялары Ғылыми-зерттеу институты көмегімен жүзеге асырылады.

2013-2014 оқу жылында «Академиялық кафе­дра» жобасы аясында кафедра жанында келесі ғылыми бөлімшелер құрылды:

- Білім беру процесінде НЛБ әдістерін қолдану — ғылыми жетекшісі психология док- торы, адами ресурстарды басқару саласындағы іскери әкімшілік докторы (DBA), ҚР ПҒА академигі, профессор Т.Б.Бердімұратов;

- Тілдің бейнелі құралдарын лингво- мәдениеттану аясында зерттеу — ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының кандида­ты, PhD докторы, профессор А.Қ.Мырзашова;

- Полимәдени ортада жеке тұлғаның әлеуметтенуі - ғылыми жетекшісі педаго­гика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.М.Яппарова;

- Студенттердің көп тілді игеру құзіреттілігін дамыту - ғылыми жетекшісі педагогика ғылым- дарының кандидаты Е.В.Емельянова;

- Терминологияның когнитивті-прагматикалық аспектісі - ғылыми жетекшісі филология ғылым- дарының докторы, профессор С.С.Исакова;

- Кеңістікті қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері - ғылыми жетекшісі PhD докторы Д.Г.Наурзалина;

- Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу - ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты Б.К.Альмурзаева.

Кафедра базасында «Психотренинг» оқу- өндірістік зертханасы практикалық-қолданбалы, ғылыми -зерттеушілік және ағартушылық бағытта қызмет етеді.

Жақын және алыс шетелдердің оқу орында- рымен өзара байланыстар орнатылған, олардың ішінде келесілерін атап өткен жөн:

- Мәскеу экономика, саясат және құқық ин­ституты (Ресей);

- «I4iddlesex» Лондон университеті (Ұлыбритания);

- Томск мемлекеттік университеті (Ресей);

- Еуроаймақтық экономика университеті (Польша);

- Омск мемлекеттік университеті (Ресей).

Оқу процесі Аударма ісі, Филология, Пси­хология, Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану мамандықтарының бейіні бойынша әдебиеттердің бай қоры, электрондық ре- сурстар және оқытудың қажетті техникалық құралдарымен жабдықталған мықты материалдық-техникалық база негізінде жүзеге асырылады:

• Оқытудың нейролингвистикалық техно- логиялары ғылыми-зерттеу институты

• Оқытуды басқарудың ғылыми-әдістемелік орталығы

• Қазақ тілін оқыту кабинет-зертханасы

• Мультимедиялық кабинет-зертхана

• Ақын Вислава Шимборская атындағы кабинет

• Орыс орталығы

• «Психотренинг» оқу-ғылыми зертханасы

• Психотехнологиялар орталығы.

Кафедраның оқытушылар құрамының келесі

жетістіктерін ерекше атап өтуге болады:

- 1997 жылы аға оқытушы М.В. Байдильди- нова «Ең үздік жыл мұғалімі» атанды;

- 2009 жылы филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы А.Қ.Мырзашоваға «ҚОХУ профессоры» академиялық атағы берілді;

- 2011 жылы кафедра меңгерушісі Ж.А.Исина «Ең жас ғалым» номинациясы бойын­ша Ақтөбе облысы әкімінің грантын жеңіп алды;

- 2011 жылы аға оқытушы М.С.Каири «Еңбектегі ерлігі үшін» қОхУ-дың Алтын медалінің иегері болып, «Ең үздік жас зерттеуші» номинациясында ҚОХУ президентінің стипенди- ясына ие болды;

- 2013 жылы психология докторы, ада­ми ресурстарды басқару саласындағы іскери әкімшілік докторы (DBA), ҚР ПҒА академигі, профессор Т.Б.Бердімұратов Оксфорд университеті ұйымдастырған «Ғылым және білім» халықаралық сайысының нәтижесі бой­ынша басқару және ғылым саласындағы биік жетістіктері үшін «Жыл менеджері» медалін алып, «Үздік ғалым» атағын иеленді;

- 2013 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты, «Психология, филология және ау­дарма» кафедрасының меңгерушісі Г.М.Яппарова Оксфорд университеті өткізген «Ғылым және білім» сайысына қатысып, оған «Үздік лектор» номинациясы берілді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша ка­федра ғалымдары жоғары импакт-факторлы шетелдік ғылыми журналдарда еңбектерін жа- риялау және шетелдік баспаларда жариялаған оқу құралдары жөнінен 1 орынға шықты.

Оқу орнының тарихында кафедра халықаралық академиялық ұтқырлық бойын­ша Оңтүстік Кореядан шетелдік студенттерді алғашқылардың бірі болып қабылдады.

ҚОХУ студенттері оқу ордасының лингвистикалық қоғамдастығына ене отырып, корей, қытай, неміс және ағылшын тілдерінің белсенді тыңдаушыларына айналды. Олардың ішінде оқу орнының жаңалықтарын жан-жақты қолдайтын және өздері де оған «НҰР» БҒӨК бөлімшесінің қызметкерлері ретінде ат салы- сатын талантты жастар аз емес. Студенттік шақтан бастап-ақ олар алғашқы ірі жетістіктерге жетіп, көпшіліктің ықыласына, мойындауына, қаламақысына, сыйақысына бөленіп, еңбекақыға да ие болды: олардың ішінде оқу орнының те- лестудиясы жұмысына алғашқы болып кірісіп, бүгінгі таңда оқу орнының және аймақтың та- бысты тележурналистері, тележүргізушілері, шоу-бағдарламалардың жүргізушілері, қызықты шоу-жобалардың авторлары, республикаға та- нымал және көптеген қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленген «Алау» Жайдар- ман командасының мүшелері ретінде танылған А.Нұрлыбеков, Б.Айнағұл, Т.Кулов, Т.Үсенов, А.Нұрабек, А.Қасеновты атап өтуге болады. Олардың «ҚОХУ жаңалықтары» жобасы студенттік қоғам, серіктестер және ата- аналар арасында жоғары рейтингке ие.

Кафедраның үздік түлектері де ерекше назар аударуға лайық, олардың ішінде өз оқуын шетелдік магистратурада жалғастырып жатқандар, жоғары оқу орнының оқытушысы, шетелдік компанияның жетекші аудармашысы дәрежесіне жеткендер аз емес: Наталья Деми­дова, Асемгуль Смагулова, Нина Фарбитник, Ануар Аймагамбетов, Салтанат Ихсанова, Миха­ил Диденко, Татьяна Хакимова, Нургуль Байга- зина, Анара Тулегенова, Томирис Куаншалиева, Индира Шаймардинова, Гульжайна Даулетья- рова, Виктория Майер, Сергей Гурко жэне т.б. атап өткен орынды.

Бүгінде кафедра түлектері білімнің Қара шаңырағы болған сүйікті оқу орны қабырғасындағы үздік педагогикалық талап- тар арқасында иеленген шынайы білімдері негізінде сіңірілген адами болмыстың барлық оң принциптерін жалғастыратындығына сенуге бо­лады.