МИССИЯСЫ, БОЛАШАҒЫ

b423fb131738a027af8201ddb95af382.png

МИССИЯСЫ:

Қазақстан Республикасының білім беру саясаты мен жаһандану кезеңі талаптарына сай академиялық қауымдастықта (оқытушылар, білім алушылар мен жұмыс берушілер) әрбір білім алушыға өз мүмкіндіктерін (интеллектуалдық, эмоционалдық және энергетикалық деңгейі) барынша жүзеге асыруға, салауатты өмір салтын сақтау және бақытты өмір сүруге, жетістіктерге жетуге жол ашатын, жоғары сапалы білім беру ортасын құру.

.


БОЛАШАҒЫ:



СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ:

Университеттің 2014-2018 жж. бағытталған келешек жоспары ұлттық білім беру жүйесі мен Батыс Қазақстан аймағы дамуының мақсаттары мен міндеттерін орындауды көздейді. Негізге алынған университет ресурстары келесі ұзақ мерзімді даму бағыттарын белгілейді:

  1. Батыс Қазақстан аймағында бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға бағытталған, білім–ғылым–өндіріс интеграциясы негізінде оқу бағдарламаларын жетілдіру.

  1. Ұлттық басымдықтарға сәйкестендірілген ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық жобалар нәтижесінің экономикалық тиімділігін арттыру.

  1. Университеттің білім беру процесіне еуропалық стандарттарды енгізуге мүмкіндік туғызатын халықаралық ортаға бірігу. Оқу бағдарламаларының сапасын халықаралық деңгейге жеткізу.

  1. Университеттің инновациялық-кәсіпкерлік инфрақұрылымын жетілдіру.

Болашақ мамандардың көшбасшылық, кәсіби, тұлғалық қабілеттерін, әлеуметтік-мәдени және кәсіпкерлік құзыреттіліктерін дамыту.