ҚОХУ-дың тәрбие жұмысы білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және ол бөлек ТЖ- ның құрылымдық бөлімшелерінің құрылуы түрінде кеңейтілген. Тәрбие жұмысы бағытына келесілер енеді: Қоғамдық мамандықтар кафедрасы, жастар ісі жөніндегі комитет, «Жас Отан» университеттік жастар қанаты, Студенттік Парламент, Кураторлар кеңесі, Старостат, телестудия және мини-театр.

2012 жылдан бастап Қоғамдық мамандықтар ка­федрасы қызмет етеді, ол көркемдік жетекші, фото­граф, хореограф, биші, вокалист, іс-шаралардың ұйымдастырушысы, оратор, журналист және т.б. қоғамдық мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік береді.

Тәрбие жұмысының кешенді құрылымдық саласы ТЖ жөніндегі проректор Роза Бодыққызының Абилова және Қоғамдық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Маңсат Бисембайұлының Куписов құзіреттілігінде.

Тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасы: «Мулен Руж» кафесі, кафетерий, ди­джей студиясы, спорт зал, саунасы бар бас­сейн, репетиторлық кабинет, акт залы, зама- науи жатақхана, көрме залы, мұражай, шешен бұрышы, кітапханалық кешен.

ЖОО-ның ең үздік студенттеріне арналған наградаларына келесілер жатады: прези­

дент проф. Т.Б.Бердімұратов тағайындаған - «Оқудағы жетістігі үшін» Алтын медалы, «Ал­тын қанат» Мерейтой Ордені, университет президентінің сыйақылары, қаламақылары, ме- ценаттар шәкіртақылары, Құрмет грамоталары, алғыс хаттар, сертификаттар, сондай-ақ облыс әкімінің Грантына ұсыну.

Университетте өз талантын жүзеге асыруға арналған шығармашылық атмосфера құрылған: сту- денттер, қызметкерлер балаларының жұмыстары көрмесінің, «Мулен Руж» таңғажайып кафесінің, дизайнер-студенттердің қолымен жасалған

Париждың шынайы көшелерінің; үлкен Гайд- орындық орналасқан шешендер бұрышы, ЖОО-ның көшбасшыларының бойында қалыптастырылатын құзіреттіліктерді бейнелейтін ҚОХУ студенттерінің ДНҚ-сы, артефактілермен таныса отырып, көптеген мемлекеттерге ойша сапар шегуге мүмкіндік беретін антиквариат көрмесі және т.б. жанынан жайдан- жай, таңданып-тамсанбай өту мүмкін емес.

Оқу орнында өзінің қатарына көптеген студент- терді тартатын, нағыз пікірлестер, мақсаттастар-

Оқу орнының көшбасшыларының команда- сын құратын қолайлы шығармашыл атмосфера жасалған. Мұндай белсенділікке бойына барлық құзіреттілік енетін «ҚОХУ студентінің ДНҚ-сы» ын- таландыратын болса керек, оған осы оқу орнын­да білім алатын әрбір студенттің бойында болуға тиісті оң қасиеттер енген, мәселен, зияткерлік, шыдамдылық, махаббат, әзіл және т.б.

ТЖ-ның әрбір бағыты ерекше назар аударуға лайық. Олардың ішінде оқу орнының телесту- диясын атап өтуге болады. Телестудия құру идеясын бүгінгі тәжірибелі тілшілер, журна- листер, «ҚОХУ жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының жүргізушілері белсенді түрде дамытып әкетті. Телестудияда 10-ға тарта адам жұмыс істейді, олардың арнайы журналистік білімі жоқ, бірақ олар ҚОХУ-дың студенттері, Қоғамдық мамандықтар кафедрасында және өз беттерінше тәжірибелерін толықтыруда. Барлығы еңбекақы алып, университеттегі журналистік істі дамытуға өз үлестерін қосып келеді, тоқталып өтер болсақ, олар: А.Нұрлыбеков, Б.Айнағул, Т.Кулов, А.Нұрабек, М.Муха, Т.Үсенов, Д.Зязева.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мақсым Меңкешов тұлғасындағы оқу орны мини- театрының көркемдік жетекшісінің жұмысын атап өтпеу мүмкін емес.

Маэстро М.Менкешовке «ҚОХУ-дың халық әртісі» атағы берілді, ұжымдастары, яғни ән айту та­ланты бар вице-президент Ж.Ж.Идиеваға «қОхУ- дың халық әртісі», аға оқытушы М.Рахимоваға «ҚОХУ-дың еңбек сіңірген әртісі» деген атақтар ұсынылды.

Университет оқытушылары мен қызметкерлері өз таланттары жөнінен кәсіби әртістер мен актерлерге жол берер емес, керемет әндер, өлеңдер шығарады, студенттермен іс-шаралар ұйымдастырады, сайы- стар өткізіп, студенттермен жұптасып ән салады, спорттық сайыстарға қатысады.

Оқу ордасының дәстүрлі мерекелік шарала- рын бөлек атап өткен орынды, олар: Білім күні, Студенттер қатарына қабылдау, Күзгі бал, Жаңа жылғы мерекелік кеш, Университеттің туған күні, Студенттер күні, Оқу орнының президентінің Туған күні, Ғылым күні, Наурыз мейрамы, Масленница, ҚОХУ аруы және жігіт сұлтаны, Денсаулық күні, Жылдың ең үздік кураторы, Мәдениет күндері, Университеттің жыл тағамы - оқу жылының аяқталуын тойлау (25 мамыр, университет «Му- лен Руж» күмбезінің астында ілініп тұрған қазыны және наурыз айынан бастап қызметкерлер әкелетін етті бір қазан етіп асып, жайылған мол дастарханнан бәрін дәм татуға шақырады).

Студенттердің би өнеріне деген ерекше ықыласына да тоқталып өткен жөн. Жыл сай- ын университетте дәстүрлі түрде өткізілетін «Мәдениет күндері» студенттердің би өнерінсіз өтіп көрген емес.

Мерекелік және салтанатты іс-шараларды студенттер өздері ұйымдастырып өткізеді, кез- келген тақырыпқа жаңа идеялар табады. Осын- дай өткірлік, тапқырлықпен белгілі «Алау» Жайдарман командасының мүшелері де ерекшеленеді. Жас жігіттер КТК-ға қатысып, кәсібиліктерін жетілдіреді, оқуда да көптеген жетістіктерге ие. Олар: Б.Айнағұл, А.Қасенов, А.Исатаев, Ж.Искаков, О.Мукак.

Студенттердің режиссерлік жұмыстары да қызығушылық тудырады. Соңғы жылы универ- ситетке деген сүйіспеншілік, ҚОХУ қыздарына деген махаббат, университет өмірі, студент­тер арасындағы достық туралы 7-ден астам қысқаметражды фильмдер түсірілді.

Оқу орнының 20 жылдық мерейтойын той­лау салтанатының шарықтау шегі - «Қазақ- Орыс халықаралық университетінің 20-жылдық жолы - жетістіктер, жеңістер және перспекти- валар» атты студенттер түсірген Мерейтойлық фильмнің премьерасы болмақ.

Ғылыми Кеңес, Жас ғалымдар Кеңесі, Жа- стар ісі жөніндегі комитет, Студенттік парла­мент, «Жас Отан» жастар қанаты, Старостат, оқу орнының телестудиясы, мини-театр, «Шанз- Элизе» мини-маркеті және Бренд-менеджменті зертханасы, «Мулен Руж» кафесі, Қоғамдық мамандықтар кафедрасы қызметінің құрамына студенттік қоғамдастық мүшелері ретінде көптеген белсенді студенттер кірістірілуде.

Бүгінгі күннің өзінде «ҚОХУ-дың ең үздік студенттерінің алтын қоры», «ҚОХУ-дың Құрметті түлектерінің кітабы» жасақталуда. Олар оқу ордасының ең баға жетпес құндылықтары - басшылық пен тәлімгерлерінің шығармашыл еңбектерінің жемісі болып табылады.