ОҒӨК«Нұр»

«Нұр» білім беру, ғылыми- өндірістік корпорациясы — білім-ғылым-өндіріс интеграциясының негізі

Ақтөбе аймағындағы әр оқу орнының тарихынан өте қызықты және маңызды фактілерді, дамуының жеке ерекшеліктері, ерекше жетістіктерін, қызметінің сипатын байқауға болады.

Бұл тұрғыдан алғанда ҚОХУ дұрыс жолды таңдады, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық жүйеге сүйенеді және білім берудегі ең жаңашыл психо-педагогикалық технологияларды пайдалана білді.

Көп жылғы қажырлы, солай бола тұра өте ауыр еңбек нәтижесінде университет өзінің жеке бояуымен ерекше университеттік мәдениет қалыптастыру, бір идея үшін күресетін бірыңғай көшбасшылар мен өзара пікірлес ұжым құру; креативті ойлайтын, шығармашылығымен ерекшеленетін және алғыр адамдар тәрбиелеуде ҚОХУ «қызықты жасаушы және құрушы, зама- науи, жол бастаушы, басқаларға ұқсамайтын» жОодеген ерекше мәртебеге ие болды, сөйтіп, университет тұрмысында әрқашан жаңа жолмен эксклюзивті түрге енуді мақсат етті.

Аталған оқу орнының халықаралық мәртебесі қауымдастықтың дем берушісі, бренді және тануына негіз болып саналады. Осындай танымалдықты иелену адамдардың өз ісіне де­ген сүйіспеншілігі пен сенімінен туындаған болса керек. Тәрбиелеудің осындай үлгісі барлық уни­верситет ұжымының қалыптасуына түрткі, бренд және қауымдастықтарды тануына негіз болады. Осы модульдің механизмдері білім беру үдерісінің барлық түрлеріне негіз болады: адамгершілік, рухани, дене, гендерлік, әлеуметтік, мәдени, ақыл- ой, жеке тұлғалық. Университеттің міндеті - осы аталған тәрбиенің барлық түрлері механизмдерінің әрекеттерін сауатты жүргізе білу.

Университет өзінің 20 жылдық саналы ғұмырында осы тұрғыдан жұмыс атқарды деп атауға әбден болады. Өз ісіне деген күш, үміт және махаббат бүгінгі ұжымның өсуімен көрінеді, «Нұр» білімдік ғылыми-өндірістік

корпорациясының құрылуы, заманауи кітапхана кешені, нағыз «Мулен Ружді» университеттік Па­риж және қалалық Париж көшелері, эксклюзивті көрмелер, дизайнерлік табыстың Ашық мұражай түріндегі көріністері, «Нұртерек» - «Білім

Ағашы» сияқты университет символының биікке көтерілуі мен басқа да инновациялық жетістіктерінің өсуінен оқу орнының арнасы кеңейгені байқалады.

«Нұр» корпорациясы 2009-2010 жылда- ры инновациялық тұрғыдан дамыды. Онда Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемле- кет Басшысының жоғары білім берудегі алға қойылған мемлекеттік міндеттерін орында- уы, ҚОХУ-де құрылған тәжірибеге бағытталған оқытудың «білім-ғылым-өндіріс» идеясын жүзеге асыру және «Кәсіпкерлік университет» моделін одан ірі қарай дамыту қарастырылған.

Университет студенттердің оқу кезеңіндегі мамандық бойынша еңбек өтілін қалыптастыру мен жинақтау үшін жұмыс істеуіне жағдай туғызады.

«Нұр» корпорациясы профессор - оқытушыларының ұжымын да корпорация қызметінің өсуі қызықтырады, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне, тәжірибелік тағылымдама, жеке өсуі мен қосымша табыс табуына да жағдай жасалған. Сонымен,

«Нұр» корпорациясының төмендегідей нысандары дами бастады: сауықтыру технологиясының паркі, біліктілікті арттыру инсти­туты, «Шанз Элизе» Бренд-менеджменті минимар- кет зертханасы, «Мулен Руж» кафесі.

Корпорацияның негізгі идеясы - білім беру қызметінің ауқымын кеңейту және инновациялық қызметті нығайту.

Сауықтыру технологиясы паркінде «Нұр» корпорациясының «Бодрость» спорттық-сауықтыру кешені маңызды орын иеленеді, себебі жұмыс күнін, тамақтануды ұйымдастыру және салауатты өмір салтының мәдениеті сияқты жоғары оқу орны денсаулықты сақтайтын тех- нологияны оқу үдерісіне енгізуге айрықша мән беріп келеді. Кешен базасында алдыңғы қатарлы сауықтыру технологиясы мен көп жылдық жеке тәжірибе және оған енгізілген тазарту, дұрыс тамақтану, сауықтыру жаттығулары, сауна мен қауызға түсу, массаж, дымқыл ауамен дема- лу, шөп экстраттарымен жылы ванна қабылдау және т.б пайдалы процедуралары жасалады. Ол үшін арнайы профессор Т.Б.Бердімұратов жеке авторлық сауықтыру бағдарламасын жасады.

Қазақстандық мен шетелдік жетекші маман- дар мен ғалымдарды шақыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары, білім жетілдіру курстарын ұйымдастыру университеттің визит карточкасы- на айналған. Аталған қызмет бағытында ҚОХУ- дің бірлескен халықаралық жобасымен жұмысты жүзеге асырған елдерді Ресей, Польша, Амери­ка, Германия, Англия, Сербия, Индонезия, Гре­ция деп санамалай беруге болады.

Соңғы үш-төрт жылдың өзінде халықаралық бай- ланыс аясында университет қабырғасында 30-ға жуық белгілі шетелдік ғалымдар келіп, ондаған оқыту семинарларын, шеберлік кластар мен біліктілікті жетілдіру курстарын ҚОХУ-дің ұжымы мен Батыс Қазақстан аймағы мамандары үшін өткізіп келеді.

Солардың арасында Г.Л.Будионо, философияның PhD докторы, профессор, экономикалық менедже- мент факультетінің профессоры, экономика магистрі (Индонезия); М.Вемик, университет профессоры (Сербия); М.Глампедакис, PhD докторы, Білім беру Технологиялары Иститутының математика кафедрасының меңгерушісі, Е.С.Болон процесі бой- ынша сарапшы (Греция, Афины); К.Контогулиду, PhD докторы, Пирей Университетінің халықаралық бөлім меңгерушісі, Болон процесі бойынша сарапшы (Греция, Афины); Д.Гиарени, PhD докторы, Білім беру Технологиялары Институтының қауымдастық және халықаралық байланыстар бойынша бөлім бастығы (Греция, Афины); Н.Урусофф, Нью Мекси- ко Мемлекеттік университетінің IT-технология бой­ынша магистрі, (США, Нью Мексико); В. В. Частных, М.Ломоносов атындағы ММУ-дің халықаралық білім беру орталығының жетекшісі, «Русский мир» қорының білім беру жобасының менеджері (Россия, Мәскеу); Н.В.Кулибина, А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының профессо­ры, п.ғ.д., білім жетілдіру факультетінің деканы (Россия, Мәскеу); Н.Б.Битехтина, А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының доценті (Россия, Мәскеу); Т.Е.Владимирова, филол.ғ.д. М.Ломоносов атындағы ММУ-нің Халықаралық білім беру орталығы, РХДУ, шетел тілдері институтының профессоры Россия, Мәскеу); Н.А.Левитская, пед.ғ.д., білім берудің жаңа тех­нологиялары институтының профессоры, психоло­гия кафедрасының меңгерушісі (Россия, Мәскеу); Ю.А.Сафонова, филол.ғ.к., славян мәдениеті мемлекеттік академиясының профессоры, «Русский устный», «Грамотей» радио бағдарламаларының (радиостанция «Голос России») жүргізушісі, «Гра­мота. ру» порталы редкеңесінің мүшесі (Россия, Мәскеу); Б. Бауманн, PhD докторы, Болон процесі бойынша сарапшы, кеңесші (Германия, Дюссельдорф); М.Бергандер, PhDдокторы, Хартфорд Университетінің профессоры (Мэдисон, США); Н.Форманн, PhDдокторы, Миддлсекс Университеті профессоры (Лондон, Англия) және басқа да ғалымдар болатын.

Білімді жетілдіруді ұйымдастыру бойынша оқу ордасының белсенді қызметі біліктілікті жетілдіру Институтын құру мен кадр дайындауға жақсы серпін берді. Қазіргі таңда Институт «Нұр» Корпорациясы құрамына кіреді және универси­тет кафедраларымен тығыз байланыс орнатқан.

Бұл тұрғыда әр кафедра мамандығы бойынша басым бағытқа ие болып, өзінің оқыту семинарла- ры мен шеберлік кластарын ұсына алады, жақсы нәтижеге жетіп, тыңдаушылар тарапынан біршама жағымды пікір естіп жатыр.

Университет өзінің инфрақұрылымын дамыта отырып, әлеуметтік маңызды нысандар: асхана- кафе, сауна, «Шанз Элизе» жеке шағынмаркет, емхана, сауықтыру кешенімен қамтамасыз етуге қамқорлық жасап келеді. Аталған барлық ны­сандар білім беру үдерісіне зертхана, парктер, зерттеу базасы ретінде енгізілген.

Шағынмаркет базасында Менеджмент, Әлеуметтік-мәдени сервис, Есеп және ау­дит, Қаржы мамандықтары бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу, әлеуметтік белсенділік пен инновация саласын- да нұсқаулар жасау үшін «Бренд-менеджменті» зертханасы құрылған.

«Бренд-менеджменті» зертханасы қызметінің мақсаты жеке саудадағы сауданың жүруіне түрткі жасау әдістері бойынша нұсқаулықтар жасау бо­лып табылады. Зертхана қызметінің практикалық маңызы «Шанз Элизе» шағынмаркеті сауда тетігін басқару жүйесін енгізу мен жасау болып саналады. «Бренд-менеджменті» зертханасын, «Шанз Элизе» шағынмаркетін дамытуға 50 млн. тенгеден артық шығын шықты.

Студенттер мен оқытушыларды қолдауды жүзеге асыру мақсатында корпорация базасынан жатақхана жабдықталды және 5 оқытушы пәтер кілтін иеленді. Студенттерді сапалы тамақпен қамтамсыз ету үшін «Мулен Руж» стиліндегі заманауи әуен және асхана жабдықтарымен қамтамасыз етілген құрал- жабдықтар үшін 37 млн. тенгеге жуық шығын шықты.

«НҰР» корпорациясының қызметі вице-пре- зиденттер жұмыстары арқылы реттеледі, олар: ұйымдастыру-аналитикалық, білім беру және өндірістік жұмыс жөніндегі вице-президент - Н.И.Юрченко; құрылыс, әкімшілік-шаруашылық және кәсіпкерлік жұмыс жөніндегі вице-прези­дент - М.Д.Мамбетов; кәсіби бағдарлау және талапкердерді жинауды қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент - Ж.Ж.Идиева; кәсіби бағдарлау және Қазақстанның Батыс аймағы бойынша талапкерлерді жинауды қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент - Ж.Б.Тукашев; білім беру, ғылым және өндірістегі байланыс жөніндегі вице­президент - С.Б.Құрманова; кадрлық қызмет жөнінде - З.И.Сарсенбаева; заң мәселелері жөнінде - Б.Б.Кыдырбаев; қаржылық мәселелер жөнінде - А.З.Кужантаева. Корпорацияны оқу орнының президенті, профессор Т.Б.Бердімұратов басқарады.

Қазіргітаңда « Нұр» Корпорациясы инновациялық қызметінің аясын кеңейтіп келеді, бұл дегеніміз — білім беру мен қызмет көрсетудің ең жаңа түрлерін дамыту, «Кәсіпкерлік университет» жобасын одан әрі қарай дамытудың мықты негізі болып қызмет етеді, заманауи үшінші ғимарат негізінде жаңа заманғы құрылыс салуды бастау 2014 жылдың ма- мырына жоспарланып отыр.