Ғылыми-техникалық кеңес

Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК)

ҒТК мақсаты  - профессор-оқытушылар құрамы ғылыми  қызметінің белсенділігін арттыру, университеттің ғылыми саясатын тиімді жүргізу, университеттің ғылыми жетістіктерін жариялау.

 

Міндеттері

Университеттің ғылыми-педагогикалық кадрларын ғылыми өнімді жасап дайындауға және ғылыми зерттеулер нәтижесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысуын қамтамасыз ету;

Университеттің ғылыми-педагогикалық және ғылыми әлеуетін дамыту мен сақтау;

Іргелі ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми сараптама жүргізу;

Іргелі ғылыми зерттеулер саласында түрлі ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланыс;

Университет негізінде  «ғылыми мектептерді» дамытуға  жағдай жасау;

Университет ғалымдарының аяқталған инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және іріктеу;

Ғылымды тиімді дамыту секторында университеттің біртұтас ғылыми саясатын жүргізу; 

Инновациялық қызметтің дамуын күшейту;

Экономика ғылымының даму бағыттарындағы біріккен зерттеулерді ұйымдастыру бойынша халықаралық байланысты дамыту;

ҚОХУ-дың Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтарымен, алыс, жақын шетелдермен, оның ішінде халықаралық бағдарламалар мен жобалар аясында тиімді әріптестік байланысын нығайту.

 

 ҒТК қызметі:

- ЖОО-ның тақырыптық жоспарын, ғылыми бағыттарын талқылау және бекіту; 

- ҒЗТКЖ (НИОКР), БҒЗЖ (СНИП), инновациялық жобалар бойынша сараптама жүргізу;

- Академиялық кафедралардың ҒЗЖ-ның, шаруашылық келісімшарттары мен бастамашыл ҒЗЖ-ның орындалу нәтижелерін бағалау;

- Ғылыми конференциялар, форумдар, семинарлар мен басқа да  ғылыми іс-шаралардың тақырыптарын анықтау және бекіту;

- Кафедралар, ғылыми құрылымдық бөлімшелер (ҒЗИ, Академиялық  кафедралар, ғылыми-зерттеу лабораториялары) және ЖОО-ның бағыттары (СҒБ, СҒҚ) бойынша ҒЗЖ мониторингін жүзеге асыру.  

- Ғылыми монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалаларға сараптама жүргізу; 

- Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қаржы институттарын, бизнес-құрылымдық, коммерциялық ұйымдарды,  сондай-ақ ҚР мен шетелдің жетекші ғалымдарын біріккен ғылыми зерттеулер жүргізуге тарту;

- Ғылыми жетекшінің жұмысын, олардың  ғылымды дамытудағы  жеке еңбектерін бағалау өлшемін жасау;

- Кафедраның ғылыми қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен нұсқауларды жасап шығару.