ОӘЖ

Университеттің оқу-әдістемелік жұмысы келесі негізгі құжаттарға сай ұйымдастырылады:

ҚР "Білім туралы" заңы

"ҚР тіл туралы" заңы

ҚР БжҒМ-нің нормативтік құжаттары

Жоғары кәсіби мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт

Ғылыми Кеңес шешімдері.

Университеттің барлық мамандықтары ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарымен және типтік жоспарлармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ барлық мамандықтар барлық оқу жылдарында жұмыс оқу жоспарларымен, пәннің типтік бағдарламаларымен қамтылған. Жоспар 4 жылға әзірленеді (күндізгі оқу бойынша), 4 жыл сырттай оқу түріне және 3,2 жылдық жеделдетілген оқу түрі бойынша.

Университетте оқу үдерісін жетілдіруге арналған жұмыстар жүйелі түрде өткізіліп отырады. Бұл мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай маман даярлау деңгейін көтеруге, мамандардың кәсіби-практикалық әзірлігі сапасын қамтамасыз етуге, еңбек нарығы талаптарына жауап беретін маман даярлауға септігін тигізеді. Университет кафедраларының оқу қызметі бірінші кезекте жұмыс оқу жоспарымен басқарылады және реттеледі. Кафедра пәндерінің мазмұны типтік, жұмыс оқу бағдарламалары, мемлекеттік талаптар, кафедра жұмыс жоспары мен басқа да ұйымдастыру-нормативтік құжаттармен реттеледі.