Ақтөбе қ., Әйтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Ғалымдар кеңесі

Студенттік ғылыми бірлестік- ғылыми, ұйымдастырушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласатын университеттің студенттерінің ерікті бірлестігі. СҒБ өз еркімен, өзін-өзі басқаруға, қызметтің ашық сипатына, студенттердің өзара қарым-қатынасы мен ғылыми қарым-қатынас мәдениетіне негізделген. СҒБ Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚОХУ жарғысына, ҒЗЖ проректорының, бұйрықтары мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес ғылыми, ұйымдастырушылық, зерттеу, үйлестіру, жобалау және басқа да іс-шараларды жүзеге асырады. СҒБ  құру, қайта құру және тарату мәселелері ҚОХУ ректорының бұйрығы бойынша СҒБ мүшелерінің жалпы жиналысында шешіледі.


Мақсаты: ғылыми-зерттеу және шығармашылықты іздестіру дағдыларын дамыту, ҒЗЖ-на қатысып, университеттің студенттерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

Міндеті:

  1. университеттің ғылыми-зерттеу институтының өзекті мәселелерін талқылау және шешу кезінде теориялық және практикалық білімдерді тереңдете меңгеру;
  2. студенттерге ғылыми зерттеулерге қатысу арқылы оқу материалын тереңірек және шығармашылық дамытуға ынталандыру;
  3. студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі арқылы өздерінің мамандықтарына шығармашылық қарым-қатынастарын қалыптастыру;
  4. студенттердің (проблемалық топтардың) тәуелсіз және командалық зерттеу жұмыстарына жағдай жасау;
  5. университет студенттерінің ғылыми әлеуетін дамыту;
  6. университеттің әртүрлі ғылыми конференцияларына, конкурстарына, семинарларына және одан тыс жерлерде ұйымдастыру және белсенді қатысу;
  7. студенттердің және магистранттардың ғылыми жұмыстарын жүйелі түрде жариялау;
  8. студенттерді университеттік зерттеулерге тарту.
  9. халықаралық ғылыми қоғамдастықтағы университеттің рейтингісін жаңғырту.

Студенттік ғылыми бірлестік туралы ереже

ПОҚ тізімі

Бердімұратов Темерхан Байбосынұлы

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің негізін салушы, профессор, психология докторы

Параққа өту
Ваше сообщение отправлено!