г.Актобе, ул.Айтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Мұражайға саяхат

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Өткеніңді танымай, келешегіңді болжау мүмкін емес» деген тұжырым бар.

Осыған орай Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің Құқық мамандығының 1 курс студенттері мен кураторы Асель Бектургановнамен «Ақтөбе кіндігі» қазақ ұлттық өнер және этнографиялық мұражайға саяхат жасады.

Саяхат барысында студенттерге мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, мұражайдағы құнды заттарды және рухани құндылық­тарды танытуды, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражайға саяхат жасауда студенттер ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Студенттер мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Студенттер үшін, қоғам үшін  осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

Ваше сообщение отправлено!