г.Актобе, ул.Айтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазақстан полициясы күнінің 30 жылдығына орай «Қазіргі кезеңде Қазақстан полициясын жаңғыртудағы адам құқықтарын қорғаудың құқықтық аспектілері» (онлайн және офлайн режимінде) атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференцияның негізгі мақсаты – адам құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты күшейту, адам құқықтарын жүзеге асыру сапасын арттыру үшін адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын әзірлеу және одан әрі полиция қызметінің моделін талқылау.
Жана Қазақстанды құру кезеңінде қазақстандық полиция қызметіне енгізу және полиция қызметінің сервистік моделінің сапасын және халықтың полицияға сенім деңгейін арттыру мәселелерін шешудің басым мәселелерін анықтау.

Конференцияның модераторлары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң институтының бастығы М.Букенбаева, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Байсұлтанов А.Б. және Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ректоры Әмре М.Ш.

Құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Ж.Д.Мұраталиев сөз сөйледі. және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, з.ғ.к. Сүлейменов Т.Қ., жиналғандарды Қазақстан полициясының 30 жылдығымен құттықтап, жемісті тілегін білдірді.

      

Ваше сообщение отправлено!