г.Актобе, ул.Айтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

«Нақты тергеу жағдайында жауап алу мен тінтудің ең тиімді тактикасын таңдау»

«Құқық» білім беру бағдарламасының аға оқутышысы Талгат Бауржанұлы Жумагазин 6В04211 «Құқық» БББ стунденттерінің қатысуымен, ғылымның инновациялық жетістіктерін пайдалана отырып, «Криминалистика» пәнді оқытудың авторлық әдістемесін жасап, «Нақты тергеу жағдайында (ситуациясында) жауап алу мен тінтудің ең тиімді тактикасын таңдау» тақырыбы бойынша бейне-дайджест ұсынады.

1-бөлім           2-бөлім          3-бөлім           4-бөлім

Сабақтың мақсаты: тәжірибелікте туындайтын күрделі тергеу жағдайларынан шығу мақсатында криминалистикалық техника мен тактика бойынша теориялық білімді қолдану дағдылары мен іскерлігін әзірлеу.

Студенттер іс жүзінде құқық қорғау органның қызметкерлері алдында дайын жауаптар жоқ екені туралы білу қажет. Процессуалдық заңда және криминалистика ғылымы аясында барлық ықтимал жағдайларды көздеу мүмкін емес екені түсінікті. Күнделікті жұмыста тергеуші кенеттен туындаған мәселелер мен сұрақтардың шешімін іздеуге мәжбүр.

Кез келген тәжірибелік жағдайда бұл білімдерді қолданып, алдында жаңадан туылған сұраққа жауап іздеп тауып, мәселені шешіп, тапсырманы орындау қажет. Теорияда бұл жағдаятты тергеулік ситуация деп атайды.

Сол себебтен студенттерге тек қана теориялық білімдерді білу аз болып табылады. Осыған орай криминалистика пәні аясында теориялық білімді бекіту бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.  

Осы практикалық сабақтарда студенттер тергеуші немесе криминалист ретінде әрекет етеді. Олардың алдына белгілі бір тергеу жағдайы қойылады, әрине, күрделі, стандартты емес. Тапсырма – бұл жағдайдан тергеу әрекеттерін жүргізу әдістері, тәсілдері мен тактикасын қолдана отырып шығу керек.

Бұл кезде білім алушылардың тапқырлық және ұстамдылық қасиеттерін, өмірлік дағдыларын, дербестігін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Қорытынды: аталған сабақ өте пайдалы, өйткені шынайы істер бойынша студент тез арада құқықтық ғылымды үйреніп алады.

Ваше сообщение отправлено!