г.Актобе, ул.Айтеке би 52

+7 7132 21 17 32

+7 7132 21 73 65

«Жүрегімнің төріне терең бойла»

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Педагогикалық ғылымдар және журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылы ақпанның 25-і күні қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескері – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, «Жүрегімнің төріне терең бойла» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Шарада Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы университеттің кітапхана қызметкері Бибігүл Көпжасарқызы кітап көрмесін жасап, таныстырып өтсе,  кафедра доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Асан Мырзабекұлы Абай Құнанбайұлының педагогикалық мұралары туралы өз баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, аталмыш іс-шарада кафедра студенттері де, өз белсенділіктерін көрсете білді. «Филология» мамандығының 3-курс студенті Мубаракова Зарина Абай өлеңіңдерін оқыса,   «Журналистика» мамандығының 2-курс студенттері Мирманова Лаура мен Бекбаулова Элеонора Абайдың қара сөздерінен сыр шертті.  Амангелдина Дина мен Енсегенова Айтгүл «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, көрермендердің зор ықыласына ие болды. Шара барысында көрермендерге арнайы дайындалған сауалнамалар қойылып, жауап беріп, белсендік танытқандарға «Абайдың қара сөздері» жинағы табыс етілді.

Ваше сообщение отправлено!