Кафедры ГД

ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ – СТУДЕНТТІ КӘСІБИ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН МҮМКІНДІК




123.jpg 


Филология-101 тобының студенті 

Аяжан Алданазарова




Шығармашылықты ұнататын студентпін. Мен таңдаған мамандық та тіл шығармашылығымен тікелей байланысты. Биыл оқуға түскен Универімде таң қалдыратын дүниелер аз емес. 1-ші курсымның жарты жылы қалай өткенін де байқамаппын. Алғашқы қысқы сессиямды сәтті тапсырып, 2-ші жарты жылдыққа қосылғанда, мені бір «тосын сый» күтіп тұрғанын білмеппін. Ол менің студенттік танымымды түбегейлі өзгерткен «Жобалық жұмыс» екен. Сол сәтім әлі есімде...

Аудиторияға жоба жетекшісі келді. Барлық студенттермен танысып болған соң, профессор Алтын Қуанышбековна бірден өз жобасын таныстыруды бастады. Тақырыбы «ЖОО-ның имидждік журналын дайындау авторлық құзіретті қалыптастыру мен кәсіби мүмкіндіктерді кеңейту ретінде». Мені тақырып өте қатты қызықтырды, ойыма бірден «біз болашақта өзім білім алып жатқан Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің журналын шығарсақ, қандай жақсы болар еді» деген ой келді. Сол уақытта менің жобаға деген қызығушылығым арта түсті...

Жоба презентациясы әрі қарай жалғасты. Қазіргі уақытта филологтар үшін спичрайтер, копирайтер, коммуникация және жарияланымдармен жұмыс т.б. сияқты жаңа мамандықтар мен кәсіби мүмкіндіктер бар екендігі туралы қосымша ақпарат берілді. Студенттердің барлығы зер салып тыңдап отырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя бастады. Жетекшіміз студенттің әр сөзіне, әр сұрағына мән беріп, жобаның қызықты әлеміне тартты. «Қандай әсер алдыңдар, түсіндіңдер ме? Жобаға қатысты пікірлерін қандай?» деген сауалдар студенттерге жауапкершілікті жүктегендей болды. Студенттердің басым көпшілігі жеке мәтін авторы болуды, мықты мәтіндер жазуды армандайтынын жеткізді.

Жобамыздың екі жақты маңызды мақсаты бар: бірі – көркем емес мәтін түрлерін жазу технологияларын игеру арқылы авторлыққа дайындалу болса, екіншісі – университетіміздің имидждік журналын шығару. Ол деңгейге қалай жетеміз деген үрей де болды. Ал бүгін осы мақаланы жариялауға да қол жеткізіп отырмын. Бұл жетістікке біздің жобалық командамыз да жетті. Жетекшіміз осы міндеттерді қойып, бізбен жұмысын бастағанда, өзімізге деген сенім күмәнге жақын болған.

            Түрлі мәтін, жазу технологиялары, түрлі стиль мен жанрлар, олардың өзіндік ерекшеліктері, тіпті үтір мен көп нүктенің, тире мен дефистің мәні терең екенін де шығармашылық тапсырмалар, тренингтер негізінде түсіндік. Менің ойыма келмеген қызықты идеялардың, шығармашылық қабілеттерімнің ояна бастағаны –жобадаға үлкен жеңісім мен жемісім болды. Болашақта бұл жобаның менің жұмысқа орналасуыма, білікті филолог болуыма үлкен септігі бар екенін түсіндім.

            Осы жобадағы командалық жұмыстың мәні зор. Танымайтын студенттермен қарым–қатынас орнаттық, бір–бірімізге түсінбей қалсақ, көмектесуге әзір тұрамыз. Кітаптан, интернет желісінен тапқан мәліметтерімізбен өзара танысып талдаймыз, графикалық көрініс жасауды үйрендік. Кері байланыс беру ережелерін де игердік. Өмірге қажет дағды екен.

Жобалық «өнімдеріміз» портфолиоға айналды, «WhatsApp» желісінде бір-бірімізбен пікір бөлісетін группамыз жәнеkrmu_proekt@mail.ru ортақ электрон поштамыз, krmu2018filolog инстаграмм парақшамыз да бар. Осының бәрі – біздің жетістіктеріміз, жоба барысында үйренгендеріміз. Алдымызда бұдан да биік белестер бар, бірақ үрей мен күмән жоқ, тек оларды бағындыруға асығатын күш-жігеріміз бар!

P.S.: осы мақаланы жариялау үшін бір ай бойы біліммен сусындадым, 3 мәрте редакциялаудан өттім, үшіншісінде – жетекшім «бұл өнімді енді жариялауға болады» деген шешім айтты. Ұмытылмайтын сәттер – редакциялау мен талдау жұмыстары болды, енді менің авторлық мәртебем бекітілді!


♦♦♦♦♦


АРМАНЫМА БІР ҚАДАМ




124.jpg

филология мамандығының 3-курс студенті

Нұрмұқанова Гүлназ


Мен филология мамандығында оқып жүрген 3-курс студентімін. Лекция мен семинар сабақтарына үйренген шәкіртпін. 2-ші курстан бастап «жоба», «жобалық оқыту» деген ұғымдар менің «классикалық» сдуденттік өміріме ене бастады. «Бұл не? Қажеті не? Маған ол не береді, жақсы маман болуыма пайдасы қандай болады?» деген сан-алуан сұрақтар мазалай бастады.

         2018 жылдың қаңтары... Менің қысқы сессиядан кейін сабаққа қосылған сәтім... Жобаға қатысатын ойым да болмаған... Алайда, мен қате пікірде болыппын! Себебі, менің университетім жаңашылдықты жанына жақын көретін оқу орындарының бірі. Оның бірден-бір дәлелі, жобалық оқыту. Жобалық оқыту – студенттің тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетін шеберхана екен. Жобалық оқытудың ерекшелігі, дәстүрлі оқу жүйесінен алшақтап, студентті ізденуге, еңбектенуге, терең ойлауға ғана жетелеп қоймай, жан-жақты көзін ашып, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді. Университет ректоры Темірхан Байбосынұлы Бердімұратовтың қолдауымен, Гуманитарлық пәндер кафедрасының студенттері үшін «ЖОО-ның имидждік журналын дайындау авторлық құзіретті қалыптастыру мен кәсіби мүмкіндіктерді кеңейту ретінде» деген жоба профессор А.Қ.Мырзашованың жетекшілігімен 31-ші қаңтарда өз жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты – жас филологтарды авторлыққа дайындау. Мәтін авторы болу, мәтінді дайындау – өте күрделі де нәзік процесс екен. Оларды біз тренингтер арқылы меңгерудеміз. Көп нәрсе таң қалдырады, көзімді ашады – мәтіннің бөлшектерін, қыр-сырын өзге салалар тұрғысынан қарастыруымыз әсерлі де, тиімді болды. Мысалы, экономика, сәулет, кулинария сияқты салалардың нысандары аналогиялық салыстыру моделі ретінде алынып, мәтінді жаңаша тұрғыдан ашуға көмектесті.

         Алғаш жобаға келгенде, жоба жетекшісі мақсаты мен міндетін, студентке берер пайдасын түсіндіре отырып, жобаға деген қызығушылығымды оятты. Міне, осы сәтте мен «осы жоба және жоба жетекшісі арқылы болашақта мәтін құрудағы шеберлікті меңгеріп, білікті маман иесі боларым сөзсіз» деп, іштей түйін жасадым.

Менің бала кезімдегі арманым – журналист болу еді. Жобалық оқу жүйесі болса, бала күнгі арманымның алғашқы баспалдағын бүгін аттауға мүмкіндік берді. Университетім арманыма қол жеткізетін ғажайып мекенге айналды. Асыға келетін шығармашылық ортамыз бар – ол біздің жобалық командамыз. Өзімнің болашағыма деген маңызды қадамдарды жасадым!


♦♦♦♦♦


КӘСІБИ МАМАН БОЛУДЫҢ БАСТЫ КІЛТІ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА


Бұл жоба – ерекше... Ерекше деуімнің өзіндік себебі бар. Жобаның негізгі нысаны – мәтін (көркем емес жанрдағы – ғылыми, публицистикалық, ресми-іскери). Өміріміз ірілі-ұсақты, маңызды-маңызды емес, қызықты-жалықтыратын мәтіндерге толы. Олар – күнделікті сіздің sms-хабарламаларыңыз, чаттағы жазбаларыңыз, хаттар мен мәліметтеріңіз,есептеріңіз т.с.с.

Адам, соның ішінде замануи «цифрлық» қоғамның адамы күнделікті 80%-дан астам уақытын байланыста – коммуникациялық әрекетте өткізеді. Мәтін, мықты мәтіндер, тартымды баяндамалар, қызықты мақалалар, ұтымды есептер мен жоспарлар қазіргі қызметкерлердің өзіндік брендіне айналды. Оған қол жеткізу – үлкен шығармашылық жұмысты және арнайы дайындықты, үйренуді талап етеді. Бұған менің осы жобада көзім жетті...

         Мықты мәтінді жазуға дағдылану, авторлыққа дайындау – жобалық тақырыптың мақсаты. Қандай саланың маманы болмасын, ауызша не жазбаша мәтін құрумен айналысады. Түрлі саладағы маман иелерін осы жобаға қатысуға кеңес берер едім. Әкім, экономист, дәрігер, педагог, инженер де, барлығы – мәтінмен жұмыс жасайды.

         Жақсы деңгейде жазылатын, айтылатын мәтін – кез-келген маманның кәсіби көрсеткіші. Мықты мәтіндер жаза білу – бірден-бір қажетті құзыреттілік. Ал, біз, осы жобаға қатысушы студенттер, бұл мүмкіндікті жоба негізінде пайдаланудамыз.

        Жоба форматында көркем емес мәтіндерді жазуға үйрену шығармашылық тәжірибені ұштайды. Тек тіл грамматикасын ғана біліп қоймай, тілді шебер де ұтымды қолдануға үйренудеміз.

Біз білікті маман болуды бүгінгі күні бастадық!

 

 

Филология мамандығының 3-курс студенті

Өтепова Гауһар


♦♦♦♦


ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ – КӘСІБИ ШЕБЕРХАНА




Жобалық оқыту – кез-келген студенттің білімін шыңдайтын, жеке тұлғалық жетістікке қол жеткізуіне ықпал жасайтын оқыту үрдісі.

        Студентті ізденіске, зерттеуге, қаралатын нысанның қыр-сырын білуге жетелейтін, ерекше жоба туралы сөз еткім келеді. Мен ең алғаш көркем емес мәтіндерді жазуға үйренетін, тиімді мәтіндер авторы болуға дайындайтынжобатуралы естіп, қатысып көруге бел байладым. Себебі, сұранысқа ие қандай да болмасын кәсіби маман, алдымен шебер сөйлей алатын, ұтымды баяндай алатын, жоспар-есептерін жоғары деңгейде жаза алатын адам.

Жобаға келген сәтім әлі есімде. Бізге мәтін жайлы толық ақпарат, мәтінге байланысты жаңа мамандықтар жайында, мәтінді қалай жазу жөнінде, мәтінді қалай зерттеу керектігі жөнінде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда мәтіннің барлық қыр-сырын түсіндірді.Осы сәттен бастап жобаға деген қызығушылығым арта түсті.

        Көз алдыңызға елестетіп көріңізші... Бұл жоба үлкен құдіретті күші бар цех секілді. Цех дегеніміз шикі өнімді дайындайтын, өңдейтін, жарыққа шығаратын орын. Цехке ең алғаш өнім шикізат түрінде келеді, содан кейін, мысалы, гауһар тасты алар болсақ, алдымен оны түрлі металдармен тазалайды, жылтыратады өзіңдік процестерден өткізіп, соңғы нәтижесінде гауһар тасдеген атқа лайық болған сәтте ғана, сатылымға ұсынылады. Сол секілді жобада бізді нағыз өз ісінің, яғни мәтін жазудың хас шебері, сонымен қатар, шешендік өнермен сусындауға, болашақта саналы да салиқалы маман ретінде қалыптасуға біздің жетекшіміз аямай күш жігерін төгуде.

         Бұл жобаның үлкен өнімі – студенттер өз бастарынан қиындықтарын, қызық жайттарын өткеріп, мәтін құрылымы оның жазылуы, оның зерттелуін үйрене жүріп оқу орнына арнап журнал шығару. Бұл жетекшінің де, студенттердің де үлкен жемісі.

      Біздің жобалық цехте авторларды дайындаудың ғылыми – шығармашылық жұмысы жүзеге асырылып жатыр. Жобаға қатысушы студенттер мәтін жазудың тиімді әдіс-тәсілдерін, жанрларын, талдау мен бағалау жолдарын тренингтер, практикалық тапсырмалар жүзінде меңгеруде.

       Мықты мәтіндер дайындауда тәжірибесі жоқ студенттерді гауһар тастай қашап, оларды авторлыққа дайындау – жобаның негізгі мақсаты.Гауһар тастың қаншалықты қыры көп болса, соншалықты құнды, бағалы.Сол секілді студенттерде жобада жан-жақты қырынан танылып, шебер автор ретінде қалыптасады.

 

 

Филология мамандығының 3-курс студенті,

Гүлсара Құттымұратова


♦♦♦♦♦


ВРЕМЯ ИНВЕСТИРОВАТЬ

В ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ РЕГИОНА


Единственный навык, имеющий значение в ХХІ веке,

–        это навык овладения другими навыками.

Питер Друкер


Идея данной публикации, её тематика возникли не как дань моде авторства  или банальных комментов на происходящие в обществе явления, а как видение все возрастающего дефицита подготовки человеческих ресурсов. В апреле текущего года будут подведены итоги годовой деятельности и реализованных задач программы «Рухани жаңғыру»– важного документа страны, обратившего казахстанцев к собственному феномену. Человек, его личностные качества и духовный менталитет, как показала практика собственных наблюдений, играют решающую роль в формировании кадровых ресурсов. Кто мы? Какие мы? Какими должны стремиться стать? – пожалуй, насущные вопросы, которыми должны задаваться на пути своего развития каждый из нас. К этим же вопросам ориентирует наше самосознание исторически ценная программа«Рухани жаңғыру».

Два слова в пользу актуальности «человеческого капитала». Страны нового мира провозгласили качество человеческих ресурсов как главный критерий конкурентоспособности в 21 веке. Современный мир признал жизнеспособность теории человеческого капитала, а также недолгосрочную перспективу сырьевых ресурсов и технологий в дальнейшей конкуренции стран. Во-вторых, Казахстан декларировал 4 крупных региона, в том числе и Актобе, будущими урбанистическими центрами (Послание Президента РК, 2014 г.), которые призваны стать таковымик 2020 году – центрами технологических разработок, научных изысканий и инноваций, в первую очередь.

Национальная идея «Мәңгілік ел» (2012 г.), программная статья Елбасы «Взгляд в будущее: духовная модернизация» (2017 г.), программа «Рухани жаңғыру», представленная 6-ью подпрограммами – глобально ориентируют на всестороннее развитие человеческого капитала страны как ценного ресурса духовной цивилизации.

Широкий обзор специальной литературы, периодических публикаций, выступлений экспертов, бизнес-лидеров и ученых также выявил обращение к человеческому фактору во всех сферах современной жизни, особенно, когда речь идет о будущем развитии и жизни в глобальном сотрудничестве.

В просторах памяти закрепились сюжеты поисков и решений, предпринимаемых вузами, колледжами, местными исполнительными органами, относительно качества выпускников и кадровых ресурсов. Осенью 2017 г. глава региона, аким Актюбинской области Б.Сапарбаев провел рабочую встречу с руководителями организаций образования, основная повестка которой, заключалась в постановке стратегических задач – как развиваются вузы области, их вклад в реальные сектора экономики и социальную жизнь региона.

Обращение к образовательному кластеру региона как центральному источнику и интеллектуальной платформе для инноваций было настолько насущным, что сподвигло местные вузы на  действенную перезагрузку в плане компетентной профессиональной подготовки обучающихся, которая видится на сегодняшний день через практикоориентированные технологии.

Развитие интеллектуального потенциала и инновационной среды региона возможны только через созидательную деятельность образовательного кластера, включающего всю индустрию образования – от дошкольных организаций образования – до высшей школы, дополнительного образования и, безусловно, сферы повышения квалификации и переподготовки кадров.  Действующие кадровые ресурсы – это те, кто готовился к жизни, и к профессии, в том числе, – вчера, а жить и трудиться приходится  – в завтрашнем сегодня.

В дефиците оказались не только профессиональные качества и навыки, а скорее – личностныекачества и компетенции.  «Кто я в этом новом мире? Что я должен изменить в себе? В чем мое призвание и миссия? Как я должен развиваться? Как могу применить свои имеющиеся навыки и развить новые?» – подобные стратегии личностной рефлексии и самосозидания стали внедряться вделовую и личную жизнь современного человека.

Наступило время держать ответ перед  вызовами нового века, предъявленными нам на перекрестке двух эпох. Наше завтрашнее будущее – наступило уже сегодня. Шаги, необходимые для дальнейшего роста человеческого капитала, заключаются в повышении уровня интеллектуального потенциалана основе формирования ключевых компетенций Личности. Молодое поколение актюбинцев, также как и нынешнее поколение кадров, нуждается в целенаправленном личностном развитии. Этот потенциал необходим для гармоничного включения в мировую духовную цивилизацию, для созидания новых моделей миропониманияи успешной социализации в новом обществе.

Опыт практической деятельности и наблюдения за студентами, работающими над проектом, слушателями (государственными служащими, педагогическими кадрами) тренинговых курсов и программ повышения квалификации, подтверждают острую потребность личностного развития и эффективность выдвигаемой нами модели подготовки «обучать и учиться так – как живешь, а жить – как учишься».  На сегодняшний день такой модели отвечают проектная технология и личностно-ориентированная технологии обучения. Сосредоточенная практика развития личностного потенциала кадровых ресурсов и студенческой молодежи области позволит достичь эффективности интеллектуальных инвестиций.

Практический опыт сегодняшнего дня может выдвинуть тезисные идеи рекомендательного характера:

1) интеллектуальные инвестиции в кадровые ресурсы региона неизбежны в формате сосредоточенной практики обучения саморазвитию и практического развития ключевых компетенций;

2) проектная культура как фактор интеллектуального развития – проектный менеджмент, проектное обучение доказывают свою эффективность в сфере личностного и профессионального роста. Личностный потенциал, формируемый в условиях проектной культуры, способен привести к интеллектуальной продукции собственного созидания;

3) доминирующая роль личностного развития отразится, как правило, на качестве кадрового потенциала, что найдет свое логическое продолжение в формате бизнес-образования, развитии коучинговой практики в корпоративной культуре организаций, корпоративных университетов, перекликающиеся с идеей образование через всю жизнь;

4) ориентир на формирование и воспитание интеллектуальной элиты регионачерез целевую подготовку – от навыков самоменеджмента, лидерства – до навыков творческого претворения в жизнь собственных проектов и стартапов;

5) инновационная культура области может создаваться через функционирование креативных объектов, например, таких как – интеллектуальное кафе, музеи креативных идей актюбинцев на открытых и доступных площадках, тренинговые школы, проектные школы инженеров будущего Актобе, региональные форумы-презентации интеллектуальной продукции, телепроекты в жанре «Креативный Актобе» и т.п.

Время инвестирования в человеческие ресурсы раскроет новые приоритеты региона. Любое развитие предполагает вложений – интеллектуальные инвестиции оправдывают себя качеством жизни и долговечностью дивидендов в виде неиссякаемых качеств человеческого капитала. 


Алтын Мырзашова,

кандидат филологических наук, PhD, профессор,

руководитель проектной группы филологов КРМУ, Актобе


♦♦♦♦♦